Сыр бойындағы діни қайраткерлер

Сыр бойындағы діни қайраткерлер
жеке
блог

Қазақ даласына Ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруының нәтижесінде кірді. Бірақ біздің жерімізге Ислам діні күшпен енген жоқ. Кез келген жаңа нәрсе енгенде адамдар арасында тосырқау мен таңырқау, жатырқау болары анық. Біздегі сол уақытқа дейін ұстанып келген шамандық, ата- баба рухына табыну сынды әдет-ғұрыптарымыз діннің тез тарап, қабылдануына біршама кедергі келтіргені рас, алайда Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды.  Ең маңыздысы ревалюциялық емес,эвалюциялық жолмен дамығандығы. ​​​​Қазақстанның қай аймағын алсан да киелі, қасиетті мекен. Сыр өңірі де сол қасиет қонған, құт дарыған мекендердің бірі. Ислам дінінің қазақ жеріне келіп, тарала бастаған ​аумағы да осы  Орта Азия, Сыр бойынан бастау алады. Ислам – адамды жақсылыққа баулып, мейрімділік пен бауырмалдыққа, ізгі амалдарды насихаттауға, адамдарды ізгілендіруге бағытталған асыл дін. Халық арасында діннің тез таралып, адамдарды түзу жолға ерте түсуіне көмектескен адамдар болды. Осындай ислам дінің насихаттаушылары арқылы Сыр бойы өңіріне де дін кеңінен жайылып, исламның одан әрі өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар қалыптасты. ​​​Өткен жылдың ақпан айында, Қазақстан Республикасының  жас ғалымдарына арналған «Жас ғалым» («Молодой учёный») журналының  №7 (297) –санында Оразалиева Гүлжанардың авторлығымен басылған «Сыр өңіріндегі діни- ағартушылық бағыттың қалыптасуы»  атты мақаласында  Сыр өңірінде жалпы саны 30- ға тарта ахундар мен ишандардың өмірсүргендігі айтылады. Қазақ даласын Патшалық Ресейдің отарлауы тұсында дінге көп қысымның болмағына да мәлім. Мақалада осы туралы: «ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ жерін Патшалық Ресей тарапынан отарлау саясатының күшеюі дінге әсер етті. Орталық Азияның атақты медреселерінде Көкілташ, Мир Араб т.б діни білім алған адамдар қазақ даласындағы халықты діни сауаттандыру жолында аянбай еңбек етті. Жүздеген ахун-ишандардың арасында халыққа танымал болғандар — Қалжан ахун, Әбжали ишан, Айқожа ишан, Садық ахун, Мырзабай ахун т. б. Жалпы ислам дінінің Сыр өңіріне таралуы VIII-ІХ ғғ. басталды», - делінген. ​ Бұдан бөлек осы тақырып аясында көптеген ғылыми- зерттеу жұмыстары да жүргізіліп, арнайы еңбектер де жарық көрген болатын. ​​​​​​​Сыр өңіріндегі ишандар, ахундар, діни ғұламалар жайында өңір халқының арасында көптеген аңыз-әпсаналар тараған. Кесенелері мен зираттары орналасқан жерлерге осы үлкен ғұламалардың аты берілген, десе де осы аталған ірі-ірі тұлғаларға қатысты қысқаша мәлімет беріп өту артық болмасы анық.​​​​​​​​​​​​Қалжан Ахун Бөлекбайұлы (1862–1916) — дін қайраткері, дін ілімін жете меңгерген ғұлама ұстаз. Кей деректерде шын аты Қалмұханбет екендігі айтылады. Ахунның артығы тегі  Ақтөбе облысы Жаманқарғалы деген жердегі табын руынан шыққан деген деректер бар.  Әкесі Бөлекбай – Хиуа хандығының бегі болған, жігіт кезінде Қарақалпақстандағы туыстарына келіп, сол жерде үйленіп, қалып қояды. Кейін Қарақалпақстандағы қазақ жұртына басшылық жасайды. 1875 жылы 90 жасында дүниеден қайтқан. ​​Қалжан Ахунның алғаш діни білімді меңгерген мектебі Хиуа хандағының діни мектебі, кейін 1879 жылы Көкілташта оқып білім алған. Араб, парсы, тілдерін жетік білген. Осында, Сырдарияның Қорқыт Ата аймағынан келген Ораз ахун Бекетайұлымен сырлас досы болған. Қалжан Ахунның білімдарлығын танып-білген Ораз ахун оған қызы Зәйтекті 1890 жылы оны шыққан тегі бір табындардың ортасына қосады. Қалжан Ахун ширек ғасыр бойына өзінің атымен аталатын мешітте имам болды. Отарлау саясатының бір ұшы ахунға да тиіп, өмірінің бір кезеңін түрмеде өткізеді. Қазіргі таңда Ахунның денесі өз мешітінің қорымында жерленген. Ал мешіт-медресесі Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай, үлкен жолдың жиегінде орналасқан. ​​​​​​​Алғашқы мешіттің құрылысы кесектен салынып, пайдаланылған. Одан кейін кесекті күйдіру арқылы кірпіш шығарылып, қазіргі Қалжан ахун мешіті салынған. Мешіттің ұзындығы 44 м., ені 44 м., биіктігі 5 м болған. Мешіттің алғашқы құрылысында 21 бөлме болып, ол ау баста балаларды оқытатын діни оқу орнына айналған. ​Қазір адамдар зиярат ететін мешітке айналған.​​Қалымбетұлы Әбдужалил (Әбжәли) мешіт ұстап, бала оқытқан діни ағартушы. Әбжәли ишан ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Сыр бойынан шыққан көптеген діни ғұлама, оқымыстылардың соңғы легіне жататын өкілі. Ол кісі шамамен 1870/1874 жылдары қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округіне қарасты Мырзабай ахун ауылы төңірегінде дүниеге келген. Әбжәли алғаш сауатын Мырзабай ахуннан алады. Кейіннен Бұқара қаласындағы Көкілташ медресесінде он төрт жыл оқып, шатырхат алып шығады. Әбжали Қалымбетұлы ишан атанған кісі. Әбжәли ишанды руы Ақбет Керейт Мәмбетұлы Сегізбай деген кісі елді діни-рухани, оқу-ағарту ісімен айналысып, игілік пен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында алдыртады. Сегізбай бидің ауылында молда болмаған соң ағайындардың бұл ұсынысын Әбжәли қабыл алады да Қорғаншыға көшіп келіп, бала оқыта бастайды. ​​​​​​​​​​​Алғашқы жылдары Әбжәли ишан қамыстан тұрғызылып, іші-сырты сыланған мешітте дәріс жүргізеді. 1929 жылы Әбжәли ишан мешіті мемлекет қазынасына алынады. Мешіт жоспары төртбұрышты, күмбезді. Жалпы өлшемдері 11,90х8,30 м, биіктігі 6,5 м, кіре-беріс бөлмеден, михрабы бар намаз оқу залынан және осы зал арқылы кіретін шағын бөлмеден тұрады. Кіре-беріс бөлменің жоспары төртбұрышты, бір терезесі бар. Әбжали ишан мешіті туралы жарық көрген еңбектер, зерттеулер көп, 2005 жылы авторлары Ж. А. Жонтаева мен Ш. Әбдібаевтың «Сыр елінің мәдени мұралары» атты еңбегінде, 2010 жылы Қызылорда облысының мәдениет басқармасының арнайы тапсырысымен жарық көрген авторлары Қ. Құдайбергенов, Ж. Сыдықова, С. Біләлов, Н. Мыңжасовтың «Сыр елінің тарихи-мәденимұралары» атты еңбегінің ІІІ томында жарық көрді. 2014 жылы Т. Дайрабай мен М. Ахметовтың «Сыр еліндегі ескерткіштер — Памятники низовья Сырдарьи» атты еңбегінде жарияланған. ​​​​​​​Туған халқы үшін еңбек еткен Әбжәли ишан өкіметке деген теріс әрекеті, ешбір қылмысы болмаса да 1934 жылға дейін бір мәрте, 1934 жылы екінші рет (неше жыл қамауда отырғандығы белгісіз қамауға алынып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткереді. Әбжәли ишан үшінші рет 1937 жылдың маусым айында қамауға алынады. Бұл туралы Әбжәли ишанның зайыбы Досқызы Қатира (1904–1972 жж.) өз естелігінде: «Қауын қызғалдақтап тұрған кез, салт атты үш НКВД қызметкерлері келіп: — Әбеке, біз тағы да келдік. Бізбен бірге жүріңіз, — деді. Қожайыным: — Жарайды. Мен, қамаудан қорықпаймын және ешқайда да қашпаймын. Отбасыммен қоштасуға мұрсат беріңіздер, — деді де, бесікте жатқан Сәруфаны көтеріп алып, бетінен сүйіп, иіскеп, одан соң менің маңдайымнан сүйіп тұрып, — Иншалла, келсем он сегіз жыл өткен соң келермін, келмесем қырық жылдан соң ақыретте кездесерміз, — деп, әлгілердің жетегінде кете барды. Әбжали ишансодан қайта оралмаған . ​​​​​​​Айқожа ишан 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге келген. Есейгенде Ташкент, Бұхара шаһарларына барып медреселік білім алады. Бұдан кейін Ауғанстандағы атақты ғұлама, қара суды теріс ағызатын Ислам шахқа барып, оның қолында төрт жылдай Құлболды, Марал, Қосым ишандармен бірге оқып, жоғары білім алады. Айқожа ишан Темірұлының зеректігі және білімдарлығымен қоса оның бойында адам сезе бермейтін бір тылсым күштің барын ұстазы Ислам шайх оқып жүргенде білген. Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Айқожа мектеп, медресе ашып, ағартушылық қызметін халыққа дарытқан деседі. ​​​​​​​Айқожа ишан кесенесінің күмбезі — ХҮІІІ-ХІХ ғғ. жататын сәулет өнерінің ескерткіші. Бесарық станциясының оңтүстігінде орналасқан күмбезді ишан қабірінің басына үлкен ұлы Ибадулла бұхарадан келген Хамит есімді шеберге орнаттырады. Айқожа бабамыз халыққа білім беріп қана қоймай имандылыққа тәрбиелеген . ​​​​​​​Мырзабай ахун Азаматұлы (1833–1916 ж.ж.) ел ішінде беделді, сыйлы болғаны сонша алдынан ешкім кесе өтпейтін болған. Өте білімді Мырзабай ахунның алдында төселіп сөйлеп кету екінің бірінің қолынан келмесе керек-ті. Елге танымал, ағартушы қайраткер, оқымысты емші, ауылындағы бастауышмектебінен сауат ашудан кейін Бұхарадағы «Көкілташ» медресесін 1854 жылы бітіріп, Өзбекстандағы Бируни қаласы маңында бала оқытады. Елге оралған соң мешіт-мектеп ашады. Түлеп өскен жері — қазіргі Жалағаш ауданымызға қарасты Мәдениет ауылдық аумағы. 1996 жылға дейін Қазақстанның 20 жылдығы аталып келген бұл мекен қазір Мырзабай ахун есімімен аталады. ​​​​​​​​​​Садық ахун Қодарұлы (1860–1937 ж.ж.) — діни-ислам ағартушылығы дәстүрінің көрнекті тұлғаларының бірі. Алғашқы білім негіздерін 14–15 жасында Тапал ахуннан, 16 жасында Ораз Мұхаммед ахуннан игерген. Ахундардан алған білімімен 1884 жылға дейін мешіт-мектепте шәкірттерді оқытады. Одан кейін Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінде 4 жыл оқиды, дәрігерлік біліммен де танысып, емшілікке маманданады. 1898–1930 жж. қазіргі Қармақшы ауданындағы Иіркөл мекенінде мешіт — мектеп ашып, ұстаздық пен емшілік қызметін қатар ұстанады. ​​​​​Бір ғана мақаланың бойына Сыр өңіріндегі барша діни ағартушылар мени қайраткерлерді енгізіп, баяндай алмайтынымыз анық. Бірақ  ел есінде, халық жадында ерекше сақталған тұлғалар туралы құнды ақпаратты сыйғызуға тырыстым. Туған топырағымдағы осындай елге пайдасын тигізіп, ел үшін  қызмет қылған, дін үшін, жалғыз Жаратқан үшін бар ғұмырын сарп еткен асыл азаматтарымыздың насихаттау бізге парыз.

      Жетекшілер: Бағашаров Қ. , Мұқан Нұрзат

Пайдаланылған сілтеме көздері:

1. https://moluch.ru/archive/297/67466/
2. https://zinref.ru/000_uchebniki/04000pravo_kazahstana/001_00_stati_na_kazahskom_chast10/059.htm