сынып жетекшісінің түсі
блог
Сынып жетекшісінің түсі
Мен сынып жетекшісімін.Жұмысым қызық.Оқушылардың тәрбиесімен айналысамын.Сынып жетекшілігі үшін 1айда алатын айлығым 4500 теңге.Одан әр түрлі жарна ұстап қалады..Сонда қолға тиетіні 3700 .Сыныптағы 25 балаға бөлгенде әр бала үшін 1 айда 148 теңге.Әр түрлі себептермен балалар сабаққа келмей қалады.Сынып жетекшісі ретінде мен оның неге келмегенін анықтауым керек.
Үйіне телефон шаламын,ұялы телефонмен ата-аналарына хабарласамын.Болмаса,достарына т.б ."Розыск"" жариялаймын.Кейде алыстан қатынайтын балалардың үйлеріне барып келуге тура келеді.
Машина жалдаймын.Сөйтіп,жүгіріп жүріп,уақытында тамақ ішпейміз.Осылай "диета" ұстаудың да,спортпен айналысудың да қажеті жоқ .Анда-санда "балаларға дұрыс қарамайсың!" деп басшыларда ескерту жасап қояды.Ата-аналар да "Неге мазалай бересіз?Сіз менің балам үшін айына 148 теңге аласыз ғой" деп ренжиді.Жұмысым қызықты емес пе?Қалай ойлайсыздар?
Бүгін де 2-3 бала сабаққа келмей қалды.Солармен "разборка" жасаймын деп басым ауырып,үйге сүйретіліп әрең жеттім."Давленияның" дәрісін ішіп алып жатыр едім,көзім ілініп кетіпті,Түс көріппін.Түсімде оқушыларым сабақтан қашып кетіпті.Содан сабақтарымды тастай салып,соларды іздеуге көшеге шығыппын.Ең бірінші жолымдағы ғимарат банк екен.Сабақтан қашқан жүгермектер "банкті тонап жүр ме екен?" деп соған соқтым.Қарсы алдымнан банктің бастығы шыға келмесі бар ма.Жағдайды сұрағаннан кейін жаңағы бастықтың әр бала үшін алатын "14800 долларды ай сайын төлесеңіз,сынып жетекшілігі міндетін мен атқарайын " дейді.Мен ойланып қалдым.Бұл банкта менің "қашқындарым" жоқ екен.Одан "колобок" құсап,тағы жүгірдім.Алдымнан білдей бір фирманың президенті шыға келіп,сынып жетекшілігінің орнын сұрасын.Одан да қашып құтылдым.Спортсменмін ғой.Бір министр алдымнан шыға келді.Оның да арманы - сынып жетекші болу екен.Одан да қашып құтылдым.Сөйтіп тұрғанда "қашқын балаларды" автобустың ішінен көріп қалдым.Екі аттап,автобусты да тоқтаттым.Балаларды жинап алып,"Әке-көке" деп сабаққа алып келдім.Содан кейін жаңағы кісілердің ұсыныстыры жайлы ойландым.Әлде сынып жетекшілігіне "Вакансия" жарияласам ба екен деп "қиялдап" кетіппін.Үміткерлер өте көп екен ғой?!Оянып кетсем,түсім екен.Түс түлкінің ....ғой. Сонда да....