Сын түзелмей мін түзелмейді

  Сын - адамзатқа тән нәрсе. Алайда оның қандай мақсатпен айтылатыны өте маңызды. Ең бастысы сын жанашырлықтан ғана айтылуы тиіс. Расында да сын айтылатын өз орны мен өзіне тін уақыты бар. Көпшіліктің алдында жалп еткізіп сынды айта салуға тағы да болмайды. Сынды қабылдаушы адамның сыни пікірді көтере алуы тиіс. Әйтпеген жағдайда сөзіңізді де уақытыңызды да бекерге шығындау қауіпі бар. Сынды қабылдаушы тұлға сынның жанашырлықпен, яғни осы қырын түзетсін(жақсы болсын) деп айтылғанын түйсінуі керек. Сынның сындарлы болуы маңызды. Абай атамыздың "Сын түзелді тыңдаушы сен де түзел" деген сөздерін есімізден шығармайық. Абай атамыз сол заманда-ақ қазақ халқының тұрмыс-хәліне жіті қарап, өз бағалауын хатқа түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің өмір қаракетін сипаттап, сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез-құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Міне нағыз сын осындай болуы керек деп санаймын.

 



Бөлісу: