Бойындағы артық салмақтан арылып,дене бітімін барынша сымбатты ету кез-келген бойжеткеннің арманы болса керек.Әдетте өзіміз тойсақ та,көзіміз тоймай қолымызды ауызға апара береміз де артынан зардап шегеміз.Дұрыс тамақтану-денсаулықтың ғана емес, сұлу дене-бітімнің де кепілі.Ендеше,сымбаттылықты сақтау жолындағы дұрыс тамақтану әдісі жөнінде бірнеше кеңестерге көз жүгіртіңіз
1.Таңғы асқа 1 -2 суға пісірілген жұмыртқаны немесе 100 гр сұлы жармасынан әзірленген ботқаны жеуге болады.Таңы ас сіңгеннен кейін сағат 11:00 шамасында алма жеуге кеңес береміз.
2.Сағат 13:00 шамасындағы түскі асқа 100-150 гр мөлшерінде суға қайнатылған қарақұмыққа көкөністерді қосып жеген асқазанға барынша жеңіл,сіңімді болады.Сонымен қатар екінші жүрекжалғарға майлылығы 0% болатын сүзбе жеуге немесе 0,5 л айран ішуге болады.Айранның да майлылығы аз болғаны дұрыс.
3.Кешкі асты сағат 18:00-ге дейін ішіп үлгерген жөн.Сонымен дұрыс тамақтану ережесін ұстап жүрген аруларға 100 гр, майлылығы 0% болатын сүзбемен қоса көкөністердің әр түрінен жеуге болады(қызанақ,қияр,орамжапырақ).
Егер жоғарыда көрсетілген дұрыс тамақтану ережесін бұзбай сақтайтын болсаңыз,аз уақыттың ішінде денеңіздегі артық салмақтан арылып,таңқаларлықтай нәтижеге қол жеткізесіз.