Сыбдыр, сыбдыр, сыбдырды...
Сыбдыр, сыбдыр, сыбдырды,
Естіп тұрмын сыбдырлаған жаңбырды.
Көптен бері құмарлатып жүрген ем,
Аңсатып-ақ, жан шөлімді қандырды.
Есім кетіп, елең етіп қараймын,
Көше бойлап жүр ма екен деп арайлым?!
Әр тамшымен тамған алақаныма
Үмітімді бірте - бірте жалғаймын.
Тәңір берген табиғаттың тылсымы,
Сылбып барып ақ жаңбырым тыншыды.
Қарап едім, жолдың анау шетінде
Өлісіп те, өбісіп, екеу кетіп барады,
Екеуі де ақ жауынға сүйсініп қарады,
Сезімдері бір-бірінен жарасымын табады.
Осындайда жаныңның жай тауып - ақ қалары....
Айторғын Салиева