Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ГМ-172/10 мекемесі жеке құрамына мекеме бастығы әділет подполковнигі Есбулат Есиркепоич Джигитовтің төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәртіппен заңдылықтың сақталуы сыңды бірқатар мәселелерге түсіндіру жұмыстары және барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Сондай - ақ кеңеске ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Біржан Турлыбаев қатысты.

мекеменің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Парахат Мантақ жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, болдырмау сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) 2 тарау 5 тармақтарына тоқталып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар мекеменің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы әділет лейтенанты Айгерим Ибраимова жеке құрам қызметкерлерінің назарына тәртіппен заңдылықтың сақталуы бойынша ҚР ІІМ ӨҚД келіп түскен апталық шолуымен және де бір қатар мәліметтерді оқып жеткізді.

Сонымен қатар мекеме басытығы Есбулат Есиркепович мекеменің кезекші бөлімінің кызметкеріне ҚР ІІМ бұйрығымен берілген әділет лейтенанты арнаулы атағын әділет аға сержанты Әбдіраш Асқар Күлмесханұлына табыс етті.

ГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі әділет аға лейтенанты Сакен Жарылкапбаев

 



Бөлісу: