"Свободный узник"

"Свободный узник"
жеке
блог

Қандайсыңдар, менің достарым?) Бұл апта біз үшін рекорд апта болды. Қазақ рэпінің ханы Шыңғыстан алған сұхбатымыз фанаттарының тасқынын оятты. Күн сайын Ash Қазақ Pro-ның "хейтерлері" мен жақтастары "Екпінде" баттл жасайды:)

Өз басым жігіттердің шығармашылығымен жақында таныстым. Теңгемейкерс деген жаңа альбомдары ұнады. Өздерінің айтуынша одан ауыр underground-ті алып тастап, құлаққа жағымды әуенді қосыпты. Менің ойымша, бұл альбомдағы кейбір әндер ресейлік Krec-тің мотивтарын еске салады. Кректі өзім сүйіп тыңдаймын, сондықтан Ash Қазақтың рэпі көңілімнен шықты. 

Енді Шыңғыс жайлы бір-екі ауыз сөз айтсам. Бұл жігіттің замандасым болғанына қуанам. Соңғы кездері ой-пікірі, көзқарасы менікімен үндес адамдарды жиі кездестіретін болдым, мың да бір шүкір. Вк-да біраз сөйлестік те, видеоларын да қарап шықтым, әндерін тыңдап, жазбаларын оқыдым, бір сөзбен айтқанда виртуалды "зерттеп" шықтым. Шыңғыстың жасандылығы жоқ, өзінің қолынан не келетінін біледі, кемшіліктерін мойындайды, ең бастысы, біреуге жағу, біреудің көзінде "жақсы көріну" дегенді білмейді. Соңғы кездері адамдарда осы қасиетке баса назар аударатын болдым.

Ал оның расында фанаттары қаншама. Мысалы:

"Шыңғыс Аға, мен сізге ұқсағым келеді; маған кеңес беріңізші" деп жас балалар қоймайды. Сондықтан осындай харизмасы да, өзіндік ойы да бар жігіттердің бар болғаны қуантады. 

 

P.S Сондай-ақ осы аптада жазушы Радик Темірғалиевтің "Ақ Орда" кітабының таныстырылымына бардық. Қазақ хандығының негізін құрушы Жәнібек пен Керей емес, Орыс (Ұрыс) хан дейді тарихшы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и Рашиди", Пищулина, Юдин сияқты тарихшылардың еңбектерін негізге ала отырып, осындай тұжырымға келдім деді. 

 Осы аптадағы қаламыздың басты кітапханасына шолу жасалды. Және де әдеттегідей аптаның қызықты материалдарын жіберіп алмаңыздар!