Сүюге қорықпайсыз ба?!

Адам баласына жақсылық жағушы ма еді?! Сізбенен көрістірмеген жылдың алдымда түк те қадірі жоқ... Менің өмірімде кезіккен ең тамаша жандардың бірі өзіңіз болатынсыз... 

Жанардан аққан көл-көсір жастарымды сағынамын, әлдекім үшін жылай алатұғын тым бақытты жан болған екем-ау...

Жанарыңызды сағындым... Күн ұзақ маған телміруден жалықпайтын қос жанарыңды көргенде, жүрегіңізде нендей мұң барын білгім келетін... Білдім де... Білгеніммен жаныңызда қала алмадым... "Жалғыздықтан, жалғыздықтан қорқамын",-дегеніңіз есіме түссе, күллі әлемді аяғыңның астына төсегім келетін... Сіздің бақсыз болуыңыздан мен де, менің жүрегім де қаймығатын...

Сіз басқалардан тым ерек едіңіз... Басқа жігіттердей тым тәкаппар болып көрінгіңіз келмейтін... Жүзіңе шығып тұратын бақытыңды көргенде "мен бір жанды осынша баққа кенелте алғаным ба?!"-деп ойлайтынмын... Еркеліктің шегінен шығып кеткен күндерім еске түссе, "баланың баланы еркелете алғаны ма?!"-деп таңдана қараймын...

Қолымды тым қатты қыса түсіп, "Сіз менен бір күні кетіп қалатын сияқтысыз",-дегеніңізде ішімнен аққан жастың жанарымдағы жалған жымиыс екенін аңғармайтынсыз... Расында мен сізді өміріме мүлде енгізбейтінімді білмеуші едіңіз... Тек жанарыңыздағы мұңды күлкіге айырбастау үшін,аз да болса жаныңызда уақытша қалғым келетін...

"Тойыңа шақыршы...". Шынымен-ақ менің тойымды көруді қалайсыз ба?! Өзіңізге бұйырмаған бақтың жаттың жарына айналғанын көру ауыр емес па?! Мен сізді тым жақсы түсінетінмін... Тек түсінгім келмейтін болса керек...

Ақ жүректі жақсы адам, сізді өміріме енгізе алмағаныммен, сіз арқылы мен тағдырды таныдым... Аман болуыңызды, тіптен күллі арманыңыздың бір демде орындалып кетуін қалай тілейтінімді білсеңіз ғой... 

Ата-анасын махаббатқа айырбастамаған, өз жүрегінің қалауын таба білген мен сізден тым мол бақыттарын да Алланың аямайтынына сенемін. 

Кеше кездейсоқ көрісіп қалғанда, жанарыңызды тайдыра бердіңіз... Құдды өзімді ер азаматтай сезіндім... "Тағы да жанымды азаптауға келдің бе?!"-дегендей мұңлы көздеріңнен бәз-баяғы қуанышты көре алмадым.  Әлі жалғызсыз... Мен сізге қызығып кеттім... Мен сізге ғашық болудан қорыққан екенмін, әлі де қорқып тұрмын... Ал сіздің көздеріңіз, ол ешқашан ғашықтығын айтудан қорыққан емес екен... 

Сіз бақытты боласыз бір күні менсіз, менің махаббатымсыз...

Жаңа жылға санаулы күндер қалды... Санаулы сағаттар қалғанда осы сөзді айтқан едім... Неге әлі айтып жүрмін?! Мен оған ғашық болуға қорқамын... Мен оның ғашық болғанын жасыра алмайтын жанарын қалай ұмытпақпын?! 

"Көп ұзамай бұл қаладан ұзаймын",-деп алдап келем өзімді... Ең алғашқы махаббатым... Сіз екеніңізді мойындауға қорыққан екенмін... Менің жаныммен жақсы көрген алғашқы адамым...

Оған бәрін де осылай жайып салғым келеді алдына барып, амалсызбын... Мен онымен қала алмайтынымды білемін ғой... Саған кеңесім жүрекпен сүй, жүрегіңдегі махаббатты ешкім өшіре алмайды... Тәннің махаббаты күн өткен сайын жүректегі түйін жараға айналады...

Құрбымның ұзын-сонар әңгімесінен соң ғашық болуға онан бетер қорқатынды шығардым... Махаббаттың бәрі баянсыз ба?!



Бөлісу: