Сүйіп қалдым...

Сүйіп қалдым...
жеке
блог

Кішкентайымнан поэзияға ынтық болып өстім. Көп оқитынмын, ара-арасында жүрекке келген жыр жолдарын ақ параққа түсіріа отыратынмын. Міне, бүгін тағы да бір жүректен шыққан сөздер параққа өлең боп жазылды. Өлеңдерімнің кейіпкері бір адам ғана...

 

Сәт сайын қоңырау шалмағаның үшін,

Әрдайым жанымда болмағаның үшін,

Өзгеге хаттарыңды арнамағаның үшін,

Шақырған кездесуге бармағаның үшін,

МЕН СЕНІ ОЙЛАЙТЫНМЫН...

 

Өзіңді ерекше бағалағаным үшін,

Сенен өзгеге қарамағаным үшін,

Кездесуге өзіңмен асыққаным үшін,

Шексіз бақыт сыйлап тасытқаның үшін,

МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...

 

Күн сайын көркіңе қарап жүріп,

Әр өткен сағатты санап жүріп,

Кездесер уақытты тосып жүріп,

Жүректің жырына қосып жүріп,

МЕН СЕНІ СҮЙІП ҚАЛДЫМ...