Емен-терек еркiмен қауышады,
Алматы туралы жыр-әндер маған ұнайтын, жәй ғана ұнайтын. Алматыны көрмеген адам ОЛ жайлы жырды жүрегімен тыңдап, сезіне де алмайды екен. Онда барып көргелі оған арналған қаншама әндер көкірегіме жайылып сала берді. Алматы — әсем қала. Көшелері ертегі әлеміне ұқсады, адамдары да жайдары. Сүйіп қалдым…
Суреттер сөйлесін
«28 панфиловшылар» саябағында:
мына алып ескерткіш маған кішкентай ғана болып көрінетін, көрген адамға әсері бар.
Мәңгі алау жанында:
Сағындым аққу үнді
Сағындым ақ гүлімді
Алматым, сайладың сен
Шабытты шаттығымды ©
Медеу мұз айдыны жанында:
Республика сарайы:
Ғашықпын жауыныңа
Талпынған тау ұлына
Сағынып жетем саған
Бас мені бауырыңа! ©
Қарсы алдымда жалаңаштап кіндігін,
Сол Алматы маған қарап тұр бүгін.
Алатаудың жас тоқалы секілді,
Жанарына жасырған бір сұмдығын. ©
Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім,
Сергелдең сезіміме лайық мұңым.
Алатау, махаббаттан мән сұрама,
Сүйгенім үшін ғана… айыптымын. ©
Алматыдағы метро:
Ішкі көрініс:
Мен келемін.
Жанымда саялы бақ.
Жүрісім де, жүрек те саябырлап.
Соғады.
Бірақ, нәзік ақын жаны
Қара түннің төсінен қаяу ұрлап. ©
Айконамен (Құлмұханбетова Айжан Нұрланқызы):
Айконтай Алматының өзіндей мейірімді. Жүрегінің кеңдігіне ризамын. Ал оның әжесі, ата-анасы, әулеті… сөз таппаймын айтуға, ғажап жандар! Жәніім, Айкона сені туған анаңнан айналайын, тәрбиелеп жеткізген әкеңнен айналайын. Бейнебір Алматы үшін үлкен жауапкершілікті көтеріп жүргендей-ақ, қасымнан бір елі шақпады-ау, шықпады. Кеттім деп, қайта айналып қасымнан табылған Айжанға шексіз ризалығымды білдіргім келеді. Сендей досты сыйлаған Алматыға рахмет!
Түнгі Алматы, көркің-ай, керімдей,
Жүрегіме жабыстың желімдей.
Мәңгі ғашық Алматы, жаным саған
Өмірімнің айнымас серігіндей!!! ©
Суреттер Айжанға тиесілі. Суретке түсуді аса қалай бермеймін, Айжанның арқасы мұның бәрі. Тілмен жеткізе алмайтынымды білгендей-ақ суретке түсіруде аянып қалмады. Тағыда алғысымды білдіремін!
Жако бырат, бағың зор екен қайынжұртың алтынға бергіссіз. Айман атты балдызыңа алғысым ерекше.
Жанымды қайтсем екен шерге малған,
Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман.
Аласұрып іздеймін әлі күнге,
Алматы, Жүрегімді сенде қалған. ©
Тағы да барам саған, Алматы!
Пост мына жерден ұрланды: https://aitaber.kz/blog/oilar/5184.html#comment84637