Сүйіншіден құр қалма, бауырым...

Сүйіншіден құр қалма, бауырым...
жеке
блог

...арманыңа, мақсаттарыңа жетіп, қуанған шақта,... "адал" деген атқа лайық досың сатып кеткенде,... сенген адамың сан соқтырып, өмірдің қиындығында орта жолда тастап кеткенде,... біреуге бақыт, шаттық, қуаныш сыйлау арқылы өзіңнің де бақытты бола алатыныңды сезген кезіңде,... үміттен жәудіреген көздерімен үзіле саған қараған, саған сенген жандарды ренжітіп, өкпелеткеніңде,... "бағым, бақытым" деп жүрген емес, сені ойлап "жылап" жүрген жанға қымбат екеніңді сезгеніңде, бірақ  бәрі кеш болғанда,... денсаулығың сыр беріп, әр күн сайын сәл болса қартайып бара жатқаныңды сезгеніңде,... жұмысың, ісің оңға баспай, өмір-құз төменге сүйрегенде,... сарп еткен еңбегің бағаланып, "ақылды" адамдардан тиісті бағаңды алған кезіңде,... "өзім" деген өзекке теуіп, "бөтен" деген бауырың болып шыққанда,... анаңды, әкеңді ренжітіп, кешірім сұрауға бата алмай, туған үйден өңешке тығылған өксікпен қайтқан кезіңде, сол үйге қайта баруға дәтің бармай жүргенде... денің сау болып, халі мүшкіл жанды көргеніңде,... сезіміңе сезімімен жауап қатпай, "сүйген" жаның теріс айналғанда,... расында, жүрегіңде иманың бар шақта өзіңнің бақытты жан екеніңді сезген кезіңде... есіңде ал, бауырым, Аллаңды... пенделікке салынып тек қиындықта, басыңа іс түскенде ғана емес, қуанышта да, жетістікте де Аллаңды ұмытпа...Хақ Тағала: «Құлым маған қарай бір қадам жасаса, мен оған қарай жүремін. Ол маған қарай жүрсе, мен оған қарай жүгіремін» деп пендесін сүйіншілеген екен. Олай болса, сүйіншіден құр қалма...