СҮЙІНШІ!!!

"Олимп" букмекерлік кеңсесіне 1000 теңге салдым. 15 футбол матчын экпресс етіп 500 коэфициентпен. Құдай оңдап барлық болжамым дәл шығып, 500 мың теңге ұтып алдым. "Дәніккенен құныққан жаман", тағы да 500 коэфициент шығарып алып 150 мың теңгені тағы тіктім! Адамның жолы болайын десе демде екен - 75 млн. теңге ақша ұтып алдым! О-оо-оой, содан ақшаны алып алдым да керемет үй сатып алдым, қымбат көлік сатып алдым. (Прованы да сатып алдым!) Керемет бір сұлу қызды қаратып алдым, керемет жұмысқа орналасып алдым. Әлгі қызға үйленіп керемет той өткіздім... Қарасам, осылардың бәріне әлгі ақшаның жартысы да кетпепті... Енді не істеймін? Ақшаны қайда жұмсарымды білмей дал болдым. Содан, басымды жастықтан жұлып алдым да: "Құрып кетсінші-ей, жасаған болжамым шықпай-ақ" қойсын деп қолды бір-ақ сілтедім. 
Нұрлан Қоянбаев бір әзілінде "Қиялдау тегін ғой, рахат" деп еді. Сол тегін қиялдан "көріп" едім ғой шамалы...)))



Бөлісу: