Сүйінші!!!

Сүйінші!!!
жеке
блог

Сүйінші "Массагеттік достарым"!

Күні кеше ғана қолыма "ST brothers" этно-джаз дуэтінің жаңа бейнебаянын алдым. Сіздермен осындай қуанышты жаңалығыммен бөлісуді жөн деп санадым))).

Әннің өзіне келсек, аты "Любовь". Сөздерінің авторы - Карина Сарсенова - ақын, психолог, "KS production" продюсерлік орталығының директоры. Музыкасын өзім жаздым. Ән орыс тілінде болғанымен, қазақтың халық аспаптары пайдаланылған (домбыра, саз сырнай). Өздеріңіз білетіндей, інім Тохтар екеуіміз этно-джаз бағытында жұмыс жасап жүрміз. Бұл әнімізде де ХХ ғасырдағы джаз мәдениетінің әуендері мен қазақтың халық аспаптары өз үйлесімін тапты. Ән Алматы қаласында әрленген, ал мастеринг жұмыстары Нью Йорк қаласында жасалынды.

Ал енді бейнебаян жайында сөз қозғасақ. Бейнебаян идеясының авторлары мен режиссерлары, шығармашылық жағынан серіктестерім, достарым - "ImaTum production", Ильяс Тумарбаев пен Шыңғыс Иманбеков. Бейнебаянның негізгі жеткізер ойы - махаббат сезімін жансыз заттармен бейнелеу. Солардың ішінде, қолшатырлар, шырақтар, шамдар, бояулар, жиектемелер, шегелер, қауырсындар, кактустар, т.б. және балықтар арасындағы махаббат))).

Жаңа бейнебаянымыз көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Пікірлеріңізге қуанышты боламын. Ал енді бірге тамашалайық...