Қазіргі заманда сүйікті кәсіппен айналыса жүріп табысты болуға болады.
Бүгін мен әңгіме еткелі отырған Cәуле атты сұлу ұлттық қолөнерді жаңа заман трендіне айналдыра білген бірегей кәсіпкер. Бүгінде Сәуленің өнімдері елімізде үлкен сұранысқа ие.
Бастапқыда ол өз дүниесін өзгеге сату үшін емес, өзі үшін жасады. Кейіннен ол кәсіпке айналды.
Қолөнер – сырлы өнер. Нағыз шеберлер үй тұрмысындағы қызығушылықтан туады. Хобби кәсіпке айналуы бек мүмкін. Осы ретте, Сәуле сияқты өз ісінің шынайы мамандарының парақшасына жазылып, үйренуге үлкен мүмкіндік бар.
Бастысы, бұл сіз үшін де, сіздің отбасыңыз үшін де, ең бастысы, қоғам үшін пайдалы іс болмақ!
Белгілі бір кәсіппен айналысып, сол арқылы жан рахатына бөленіп, әрі табыс көзін табудың өзі бір бақыт сыйлайтыны анық:)
Бұл кәсіп болашақта сіздің өмірлік жолыңызды басқа арнаға бұрып, атақты бір брендтік өнім қалыптастыруыңыз да ғажап емес.
Тұтынушы ретінде Сәуле ханымның қолынан шыққан туындыларының сапасы жоғары деп толықтай айта аламын.
Автордың қай жұмысын алып қарасаңыз да, ерекшелігімен бірден көзге түседі.
Жасалуынан бір мән таппайсыз. Дизайны жағынан танымал брендтермен бәсекелеске түсуге қауқарлы.
P.S. Құрметті оқырман, егер сіз біздің кейіпкеріміздің жұмысына қызығушылық танытсаңыз, инстаграмм желісінен Qazaqtradition нигіндегі тауып алып, парақшасына жазылыңыз. Сол парақша арқылы шебердің жұмыстарына тапсырыс беруге болады. Ендеше, сәттілік!
Жұмыстары сондай әдемі, иә?)
Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын барлықтарыңызға:) Ұлттық дәстүрді жаңғыртар осындай жобалар көпп болғай:) ісіңізге береке тілеймін, Сәуле ханым!
Жарқын сәттеріңізді әдемі көңіл күймен өткізуге септігін тигізер Сәуле ханым өнеріңіз өрге жүзсін!)
Қарасаң қарай бергің келеді екен:)