Кішкентай кезімде үйде ағамның сүйікті мысығы болатын. Өзі семіз, көз қарасы қатал адамдікі сияқты өткір, жүндері қалың бір шэф сияқты.
Суреттің түпнұсқасы;https://catfoto.com/blog/sleepangels/3349.html
Ағам оны қатты жақсы көретіні соншалық, күндіз – түні қасынан тастамайтын. Тіпті түнде ұйықтар кезде қасына алып жататын. Сосын пыр-пыр ететіні тағы бар. Ой мысықтардың ұйықтаған кездегі дауыстарын ай... Жүйкемді тоздырады.
Суреттің түпнұсқасы:https://catfoto.com/blog/sleepangels/3349.html
Мысықтың пырылдауы мен мияулауының өзі көп дертке дауа болатын шипалы дәрі секілді: иммунитетті жоғарылату, түрлі бас ауруларын жазу, психологиялық тұрғыда сауықтыру қызметін атқарады. Оның пырылының 27-44 герц аралығындағы жиілігі зақымданған жүйке талшықтарын бұрыңғы қалпына келтіру белгілерін түзеді. Табиғи ем сипатындағы бұл пырыл ағзаға түрлі физиологиялық қорғандар орнатуымен қатар, шаршау синдромының алдын алатын күшке ие. Мысықтың 27 – 44 герц диапазонындағы ультрадыбыстық терапиясы сонымен қатар адам сүйектерін қатайтып, қатайтын қасиеті бар.
Өз басым, мысықтарды жақсы көремін немесе жек көремін деп айта алмаймын. Себебі ішім пысқан кезде жұлқылап, ол бейшараның дымын қалдырмайтын едім.
Суреттің түпнұсқасы:https://vk.com/id165860558
Сосын ол байғұс мені көрсе тапырақтап қашады. Өзі бір ерке еді, ағам үйге кірсе болды мияулап, арыз айтады. Негізінен мысықтар тек адамдардың назарын өзіне аударту үшін ғана мияулайды екен. “Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым тағы бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп‑қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, жамандықтан арашалап қалғысы келедi. Сондықтан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле‑жаладан қорғап, үйдi аластап бередi.
Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, енді бірі олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Алайда мысықтардың тістеп алуы өте қауіпті екен. Соның кесірінен жүзден аса адам көз жұмады.Осы мысықтардың көзіне қайранмын, ойнақшып тұрады ғой бір.
Суреттің түпнұсқасы;https://massaget.kz/tag/күшік/
Бірақ, біздің үйдің мысығының көзі ұйқысы қанып, тамағы тоқ болған кезде ғана ойнақшып тұратын. Оның ұйқысы қанбаса ойнау былай тұрсын, тіпті жүрмей қоятын. Сазарып кеп отырады да қояды.
Суреттің түпнұсқасы;https://trinixy.ru/46175-samyj-lenivyj-kot-v-mire-25-foto.html
Оны көрген мен, әдейі мысықтың жынына тиіп жұлқылап тыныштық бермейтін едім. Сосын ағам келгесін сол баяғы әнімен мияулап, миды жеп қояды. Сөйтіп мысықтың кесірінен ағамнан ұрыс еститінмін.)) Менің үйдегі бақталасым, сол мысық. Тіпті мен тамақ жеп отырған кезде “Не жеп отсың а” деген адам сияқты, көзін алартып отырады.
Суреттің түпнұсқасы;https://vozmikota.ru/kot-gu
Бірақ мен алысқа кетсем, мені сағынатын болу керек. Келгенде мияулап аяғыма оратылып, екеуміз дос болып қаламыз. Бірақ біздің достығымыз тек 1-2күн. Сосын қайтадан мен оны жұлқылап, ол маған көзін алартып жүргеніміз)) Міне, біздің үйдің мысығы осындай кішкентай бала секілді мінезді кісі))
Енді мысықтар туралы бірер қызықты деректермен бөлісейін;
Мысықтар неге үнемі өздерінің үсті-басын жалайды да жүреді?
Бұл жағдай тек тазалық үшін ғана емес, өздерінің психикасын қалыпта ұстау, туындаған агрессияны басу үшін керек екен (мысалы мысықтарды ондай әрекетінен айырса, неврозға шалдығып, тіпті кейде өліп кетеді екен.)
Мысықтар неге мен сипағаннан кейін дереу жалана бастайды?
Жоқ, ол сіз ойлағандай иісіңізден құтылу үшін емес, керісінше сізді жақсы көргендіктен иісіңіздің дәмін татып қарауда.
Мысықтар неге кейде адамның бет аузын жалағысы келеді?
Бұл енді мысықтың анасынан көрген ең алғашқы сезімі (анасы ең бірінші жалап тазалайды), инстинкті түрде аналық сезіммен сізге күтім жасап жатқаны деп ұғыныңыз.
Мысықтар неге тәттіні ұнатпайды?
Себебі олар тәтті дәмді ажырата алмайды екен, олар тәтті жегенде ешқандай дәм сезіліп тұрмағасын жемейтін көрінеді.
Мысықтар неге аулаған тышқанын Сізге әкеліп береді немесе сіз көретін жерге қояды?
Мысығыңыз сізді өз-өзін асырай алмайтын, түкке қабілетсіз жануар ретінде сезініп, тамақтандырып, сізді аштықтан құтқару үшін. (ойын емес, ғылыми дәлелденген факт)
Мысықтар кейде неге ешкімге көрінбеуге тырысады?
Өз-өзін онша сезінбей тұрғаны (яғни бір жері ауырып) ол табиғатында жыртқыш аң ретінде инстинкті түрде оңай олжа болам деп жасырынатын көрінеді (жалғастырып бірдеңе жазайын деп отыр едім ұмытып қаппын, а ия ондай жағдайды байқасаңыз ветеринарға барғаныңыз дұрыс.)
Р.S. Мына ақпараттарды қайдан алдың деп жүрмеңіздер танитын бір дос мысығым бар (өзі сөйлейді)