Сүйгеніме сағыныш...

Сүйгеніме сағыныш...
жеке
блог

Аяулым, өзіңсіз өтіп жатыр зымырап қанша күн,

Көңілім қараңғы түнектей неге сен жалғызсыраттың?

Түкпірі жүректің өзің деп салады ән, шалқып күй,

Сонда да әсер етпейді ол бәрібір келе алмассың.

 

Жалғыздық, мұңайды жүрек, асықтым өзіңе шын!

Дәл қазір өзіңе ұшқым-ақ келеді, әттең-ай билет жоқ...

Күндерде бір күні әйтеуір өзіңді аяусыз құшармын, 

Кел енді, тезірек, шыдамым таусылды, тағат жоқ.

 

Мейірімі жойылды ма шынымен мына табиғаттың?

Неге күн жоқ?.. Жайдары жылуын іздедім махаббаттың.

Неге ол жоқ?.. Әлде оның жүрегі іздемейді ме мені,

Мейлі, онда, болайын құрбаны сол өршіл махаббаттың!

 

Жоқ олай болмайды, аяулым, сен әрине мұнымды қолдамассың,

"Әлсіздік, ез мінез" ғашық жандарға білесің жарамасын!

Ендеше, мен сені, күтемін, күте берем, соңғы дем біткенше,

Сен асық, кідірме, осынша жаныңды қалайша қинамақсың?

                          11.01.09