Сүйемін күзді көп сыр бар

Күз келді, қош айттым бір жазға,

Күз анау сары алқап қырларда.

Тағатсыз уақытпен ілісіп,

Бұл күзде қалмайды- ау бұл маңда.

 

Күз сені сүйгемін жасымнан,

Дән теріп жүргенде атыздан.

Мұңдасқан жаныммен жапырақ, 

Көп сыры самалмен ашылған.

 

Шақырып бақыттың дәл өзін,

Билейтін оңаша әлемім.

Күз сені сүйемін тым адал

Силай бер баршаға жан емін.



Бөлісу: