Сүйем сені, 1950- рет
жеке
блог
блог
Сүйем сені,
Арайлап таң атқанда,
Ұясына күн қызарып батқанда.
Сүйем сені, бірін-бірі қудалап
Күн менен Түн ерегесіп жатқанда.
Сүйем сені,
Бала емеспін ойнайтын,
Ересекпін ертеңімді ойлайтын.
Сүйем сені, білмеймін ғой себебін
Жүрек шығар бәлкім «СҮЙ»-деп қоймайтын.
Сүйем сені,
Сен болғаның үшінде,
Балғын сезім екен әлі күшінде.
Сүйем сені, 1950 – рет ,
Бар болғаны бір тәуліктің ішінде.
Сүйем сені,
Мүлдем бөлек таңданба,
Мендей ешкім сүйген емес жалғанда.
Сүйем сені, сен де сүйіп жүр едің,
Сүйіншіле, қолың жетті Арманға...
Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН