Сүйе тұрып, сүйетінін білмейді...

Сүйе тұрып, сүйетінін білмейді...
жеке
блог

   Осы көктемде Мұрат ағайым оқуға кітап берген еді. Альбер Камюдің «Обасы». Шыны керек, кітап жақсы-ақ. Тек аудармасын нашар демесеңіз (өз ойым). Сол баяғы әдетімше, өзіме ұнаған ойларды сіздерге жеткізгім келіп асығып отырмын.

***Көктем өзінің келгенін ауаның соны саф сапасымен, гүлдердің сан алуан түсімен хабарлайды.

***Барлық жердегідей, жұрт Оранда да уақыттың тарлығынан, ойлау қабілетінің аздығынан сүйе тұрып, сүйетінін білмейді немесе елемейді.

***Біз туған жерде «Бүгінгі істі ешқашан ертеңге қалдырма...» деген сөз бар.

***Әлемде әр кезде оба болған, әр кезде соғыс болған. Алайда оба да, соғыс та жұртты әдеттегідей тұтқиылдан басқан.

***Осыдан келіп билік басындағылар қоғамдық пікірді қобалжытпас үшін қандай құрбандыққа да баруға әзір-ау деген әсер туады.

***Мәселен, оның сүйікті мәтелі «Қашанда үлкендер кішілерді жұтып қояды» болатын.

***Сол бір мақсатсыз сандалыста бір басқан жерімізді мың басып, қаламыз шағын болғандықтан оның көшелерін қайта-қайта шиырлап, сонау жақсы күндерде қазір жанымызда жоқ жандармен бірге қыдырғанымызды еске алдық.

***Ал кейбіреулер абстракция көрген жерден енді біреулер ақиқат көрді.

***Бәлкім махаббатты таңдап мен дұрыс жасамаған шығармын.

***Жалған сөйлеу жалықтырады.

***-Бұл жарық дүниеде өзің сүйген адамнан бас тартқызуға татитын бірдеңе бар ма, осы? Алайда мен де бас тарттым ғой, неге екенін өзім де білмеймін.

***-Ал шаршау да есіңнен адасу сияқты, кей кездері мен үшін мына қалада қарсылықтан басқа ештеңе жоқ секілді.

***Әрине, олармен бірге жүрдім, бірақ іштей жалғыз болдым.

***Ал тым ұзақ күтсең, жалпы ештеңе күтпейсің, сондықтан күллі қала келешексіз өмір кешті.

***Махаббатсыз дүние – өлі дүние, түрмеден, еңбек пен ерліктен қажып, жадына жақын дидарды жаңғыртып, жүрегі елжіреп, соның алдында еркелегісі келетін шақ сөзсіз туады екен ғой деп ойлады ол.

***Барлығы келген жалғыз түйін – бұрынғы қолайлы тұрмыс төрт құбыласы түгел қайтып оралмайды, бұзу оңай, құрау қиын деген пікір болды.

***Бәз бір мағынада ол өз рөлін ойнап бітті.

***Ал бұл дегенің ойыннан ұтып шығуды білдіретін болса, онда білгеніңмен, есте ұстағаныңмен ғана өмір сүру тым ауыр, алдыңда күтер үміт болмаса бәрі бос.

***Бұл жарық дүниеде жетуге ұдайы талпыну керек болатын бірдеңе барын енді олар бек біледі, ол бірдеңе – адам мейірімі.