Сусабынды қалай таңдаймыз?
жеке
блог
блог
Шашты күту үлкен бір ілім дейтін болсақ , оның әліппесі "дұрыс" сусабын мен кондиционерді таңдаудан басталады. Себебі олар шаш күтіміндегі басты құралдар. (Бұл жолда қателессеңіз, басқа құралдардан пайда аз). Сусабын таңдарда "жылтырау үшін" , "тегістеу үшін", "көлем үшін" деген принциптерге сүйеніп алғаннан гөрі , шашыңыздың типін анықтап, соған лайықтысын таңдағаныңыз жөн.
Шаш типінің 4 түрі бар:
1. Қалыпты шаш. Бұл тип иелірінің шашы 3-4 күнге дейін таза тұрады. Кейбіреулерінде ұштану болуы мүмкін. Басқаларынан гөрі қалыпты шашты күту оңайырақ, себебі ол сусабынға келгенде талғампаз емес.
2. Құрғақ шаш та ұзақ уақыт жууды талап етпейді. Шаш талшықтары жіңішке және ұйысқыш болып келеді. Сол үшін бұл типке арналған сусабындар да қою, крем тәріздес.
3. Майлы шаштар 1-2 күнде-ақ ластанады, бірақ ұштанбайды. Мұндай шашқа терідегі майдың бөлінуін реттейтін, гель сияқты, мөлдір түсті сусабындар ыңғайлы.
4. Аралас тип. Егер шашыңыздың ұшы құрғақ сыпыртқы сынды, ал бас теріңіз 1 кесе майды төңкеріп жібергендей болып тұрса, сіз осы шаш типінің өкілісіз. Аралас типке, сәйкесінше, аралас күтім қажет. Немесе бас терісіндегі май балансын реттеп, сонымен қатар шаштың ұшын кептірмейтін ph- нейтралды сусабындарды таңдаңыз.
Тағы бір басты қағида- сусабынның құрамын зерттеу. Құтысы силикон, сульфат, парабенге толы өнімдерден түбегейлі бас тартыңыз. Парабенді қатерлі ісік тудыруы мүмкін десе, сульфат - барлық шаштың майлы қорғаныс қабатын, табиғи нәрін өзімен жуып әкетеді (бекерден- бекер оны кір жуғыш ұнтаққа, ыдыс жуатын гельдерге қоспайды ғой). Содан кейін шашым өңсіз, жылтырамайды әрі сынғыш деп ренжейсіз. Ал силиконның бас терісінде жиналып, шөгіп қалатын әдеті бар, әсерінен бас терісі тыныстамайды, жие ластанады, шаш ауырлайды.
Өкінішке орай, супермаркеттердегі шашқа арналған өнімдердің 75% - ының құрамында осындай "зиянкестер" бар. Ал құрамы сульфатсыз, парабенсіз, силиконсыз ecofrendly маркалардың өнімдері қымбатырақ тұрады. Сол үшін, сұлулық тек құрбандықты емес қалтаның да аздап жұқаруын талап ететіне көніңіз.
Жеке өзімнің фавориттерім Жапония (Shiseido) немесе Оңтүстік Корея (Amore Pacific) өндірушілерінің сусабындары.
Келесі блогтар шаш күтіміндегі must have өнімдерге сипаттама және шашты қалыпқа келтіретін маскалар туралы болмақ. Назарыңызға раxмет!