Сүреңсіз өлең

Сүреңсіз өлең
жеке
блог

Сергелдең сәттерде сан қилы,

Сананы сұрғылт ой шарпиды.

Сенімнің екшелеп секемін,

Сен үшін сезімің жан қиды.


Сан сұрақ кездесер алдамшы,

Сезімің қаймығып қалмасын...

Сыры көп мына бір әлемде,

Самғайтын қанатың талмасын!


Самғашы сезімнің ақ құсы,

Сездіріп сөзімнің нақтысын.

Сүреңсіз өлеңді оқып ап,

Сөздерім өзіме тақты сын...

 

(Мақпалдың сүрінгенін оқығаннан кейін туған ойлар ғой жай ғана...)