СҰРАЙМЫН

СҰРАЙМЫН
жеке
блог

Аспан бүгiн қабағын ашпады бiр, 
Сiз жайлы ойдың қоса алмай бастарын кiл 
Кештi тағы батырдым... 
Жаңбырдан соң 
Жанарынан шықты ысырып тастады гүл. 

Парақтап көңiлiммен күнтiзбенi, 
Отырмын... Түн түсiнер үнсiз менi. 
Бiз жаққа Көктем келдi немкеттiлеу,- 
Сiз жақтан сезiледi Күздiң демi. 

Бiр салқындық бет бұрды бiзге демек, 
Жүрегiм сыбырлайды үндеме деп. 
Жанарыма қарашы осы сәтте, 
Айту керек болса егер бiрдеңе деп. 

Сеземiн ғой,бәрiн де,бiлем,бiлем, 
Сонда да күндерiм жоқ күдер үзген. 
Өзге жанды ұнатып қалмаса екен 
Кеше менi ұнатқан жүрегiмен.