Сұрақтың жауабы - ІЗДЕНІСТЕ #1

Өмірдің өзі әр түрлі сұрақтарға толы. Сан түрлі сұрақтармен өрнектеліп өрілген. Кей жандар маза бермей жүрген сұрақтарының нақты, мардымды жауаптарын алып жатса, кей адамдар сандалып жүреді. Осы тұста адамға бір-ақ нәрсе жетіспейді екен. Ол - ізденіс. Адам бір сұрақтың жауабын білгісі келеді. Алайды бір күн ізденеді, екі күн ізденеді ар жағында "әй,қойшы" деп жылы жауып тастайды. Ешқашан бірнәрсені білу, жауап іздеу жолында ерінбеу керек. Мәселен мен, бірнәрсенің жауабын білгім келсе бірден ғаламтор әлемін кезіп кетемін. Әрі іздеймін, бері іздеймін, орысша іздеймін, қазақша іздеймін, ақыр соңында ағылшынша іздеймін онда да сөздерім байланыспайды. Бірақ, адам талмау керек. Әрине, қазақта мұндайды "қадалған жерінен қан алмай қоймайды" деп жатады. Бұл сұрамсақ жандар үшін айтылмаған секілді. Бір нәрсенің түбіне жету үшін барыңды салуың керек, қашан көңілің жәй тапқанша. Психологтар адам басындағы шешілмеген түйінді "адам миына жиналған қоқыс" деп түсіндіреді екен. Егерде сол қоқысты тазартқың келсе, ерінбе, ізден! Бастысы іздену керек. Қашан көңілің жәй тапқанша. Менің не айтқым келгенімді түсінген боларсыздар деп ойлаймын.



Бөлісу: