"Сұңқар" кубогы: Финал

"Сұңқар" кубогы: Финал
жеке
блог

         Жуырда, яғни сәуір айының 1 – і күні «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен өтіп жатқан КВН ойындарының финалы өтпек. Жартылай финалдың қалай өткені барлығының есінде болар. Қызыққа толы ойындарға қонақ болып көп өнер жұлдыздары келсе, қазылар алқасының құрамында аты танымал болып үлгерген мықты КВН – шілер болды. Ойын көпшіліктің көңілінен шықты. Есте қалған әзілдер де жоқ емес.

квн

                Жартылай финалда көпшіліктің назарын аударған филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінен шыққан «Таң қалмаңыз» атты құрамы қыздардан ғана тұратын команда болды. Әли Оқаповтың «Биле» әніне әдемі бимен шыққан құрамның ойыны да әдемі болды. Айта кетерлігі, бұл құрам жақында ғана Астанаға «Жайдарманға» барып келді. «Астананың суығына тоңып келген «Таң қалмаңыз» қыздары Алматылықтардың ыстық ықыласына жылыну үшін келіп, ойын арасында 17 – жатақханадағы сауық – кештері жайлы әдемі әзілдер айтып көрермендерді күлкіге бір қарқ қылды.

        Баршамыз Заң факультетін өте жақсы білеміз. Кейбіреуі тіпті, бұл факультеттің жігіттері билеуді де білмейді дегенді шығарыпты. Анығында, әзілге жақын бұл факультетті біз дұрыс білмейді екенбіз. «Мәке, Бәке, Шәке» атты командасымен ортаға шыққан факультет жігіттері жол полициясы жайлы керемет әзілдерімен көрермендер назарын өзіне аудартты. «Іштері пысса заң шығара салатын» заң факультетінің құрамы бұл жолы «дұрыс билей алмаса да, сапалы әзілмен» шықты.

квн

       «Нысанаға дөп тигізетін» тарих, археология және этнология факультеті бірден жақсы жаңалықтарымен бастап кетті. Декандары ауысып, орнына ҚазҰУ КВН лигасының чемпионы Арман Қабдешұлы тағайындалғандығын мәлім етті. «Мамандық таңдауда қателеспеген тарихшылардың» ең үздік әзілі 17 ғасырдан жүргізілген тікелей эфир болды. Жалпы, бұл команда «финалға деген нық қадаммен» ойындарын сәтті аяқтады.

       Ерекше ойын көрсеткен тағы бір команда, ол журналистика факультетінің «Біздің құрама» атты КВН командасы болды. Ерекше қойылыммен шыққан бұл құрама ойынын барабан үнімен бастады. Арасында әдемі үйлескен би де болды. «Журналист болған соң тек шындық» деген ұранды бастама еткен бұл команда  өз ойындарын «Зал. Камера. Жарық. Дыбыс. Журналисттер. Кеттік» деп бастап кетті. Әзілдері өте ұтымды команда бұл жартылай финалда ең жоғары баллды жинап, финалға жолдама да алды. «Қазақстанның қаражаты секілді, айтары көп» журналист жігіттерге көрермен риза болды.

сункар

        Әділ қазылар алқасының шешімімен сәлемдесуде жоғары ұпайларды жинап алға «Таң қалмаңыз», «Мәке, Бәке, Шәке» және «Біздің құрама» шықты. Бұл тек алғашқы айналымдар ғана болатын. Бес факультеттің бес үздік ойыншылары сәуір айының алғашқы күні сіздерге тамаша көңіл күй сыйламақ. Айтпақшы, бұл күн күлкі күні. Ендеше, күлкі күнінің сәнін келтірер КВН – де кездескенше!!!