Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Кім тірі

Бірінші болып құтқарылған - Алан Рушель. Оның қолы, аяғы, басы жарақаттанды, алайда аталған жарақаттың біреуі де оның өміріне қауіп төндірмейді. "Құдайға шүкір, Алан жойқын апаттан тірі қалды, оның денсаулығы жақсы.",-жазды футболшының әйелі инстаграм парақшасында.

Аланнан кейін Жаксон Фолльманн құтқарылды. Ауыр жарақат алған оң аяғын дәрігерлер кесіп тастады, ал сол аяғы жансыздану қаупі бар.

"Ұшақ апаты туралы бізге хабарлаған кезде, оны Құдайдың өзі құтқарғанына жүрегім сезді", - жылады оның анасы бразилиялық БАҚ-қа берген сұхбатында. "Авиакатастрофа кезінде адамның тірі қалу мүмкіндігі - нөл пайыз. Сондықтан оның тірі қалғаны - таңғажайып оқиға.",-атап өтті әкесі.

Соңғы болып Элио Нето табылды. Милиция қызметкерлері "тірі қалғандардың бәрі - осы" деп ұйғарған мезетте, олар ұшақтың сынықтарының астынан Нетоның денесін байқады. Оның әл-ауқаты өте қиын: сүйекті-жұлын, көптеген сынықтар, қарынындағы жараның ашылып кетуі. Ол бірнеше сағат құтқарып алынған күйі, кір, лас болып аурухана ішінде жатты. Дегенмен уақыт өте дәрігерлер оның жағдайы біз ойлағаннан да жақсы екенін жеткізді. Қосымша оталар, соның ішінде, тізеге, қолға, мұрынға жасалуыны тиіс оталар оның бастапқы қалпына келуіне көмектесуі керек.

writeFlash({"src":"https://youtu.be/62T1kTOrq2g","width":"320","height":"240"});

Экипаждың қос бірдей мүшесі, стюардесса Химена Суарес және бортинженер Эрвин Тумири ажал аузынан аман қалды. Қолдың, аяқтың, құлақтың сынықтары - Суарестің алған жарақаттары және ол ауруханада тіл қатқан апаттан тірі қалғандардың алғашқысы болды. "Есімде, жарық сөнді және 40-50 секундтан кейін жерден қатты соққы сездім. Әрі қарай не болды - есімде жоқ."

Бортинженер өзінің білімінің жоғары екенін және дәл осы мамандықты бекер таңдамағанын іс жүзінде дәлелдей алды. Неге? "Мен аман қалдым, себебі қауіпсіздік ережелерін дұрыс пайдалана білдім. Үрейден меннен басқа жолаушылар айқайлады. Ал мен сөмкемді екі аяқтың арасына тығып, эмбрион позасында қатып қалдым. Осының бәрі қауіпсіздік ережесінде жазылған." Ақырында Эрвин қалғандарынан гөрі азырақ ауыр жарақаттар алды.

Алтыншы құтқарылған - тілші Рафаэль Энзель - жеңіл жарақаттар және сынық. Сапардың алдында ол ұшақтағы жағдайды бейнелейтін суретті салды. Бұл оның ақырғы суреті болар еді, егер де ол таңғажайып жағдайда ажалдан құтқарылса.

Сапарға кім аттанбады

Матеус Саросли, команданың бас бапкерінің ұлы. Ол Колумбияға аттанбақшы болды, бірақ үйіндегі төлқұжатын ұмытып, әріптестерін қолдай алмады. Бір ғана заттың өзі адамның өмірін құтқарып тұр бұл жағдайда..

Марсело Бук, команданың қосалқы қақпашысы, туған күнін тойлады, сол себепті оған бапкер демалыс берді.

Басқа ойыншы - Алехандро Мартинуччо - бұрын алған жарақатының арқасында өлімнен аман қалды.

"Бұл Шапекода бұрын-сонды болмаған ең үлкен трагедия,- деді клубтың мэрі. - Біз команданы сүйдік және онымен мақтандық." Мэрдің өзі де сапарға аттануы керек,-жиналысқа қатысып, тек матч болар күні аттануды жоспарлап үлгерді.

Қалада 30 күнге созылған қаралы күн, ал Бразилияда үш күндік қаралы күнжарияланды. Жаңа жыл, Рождество және басқа мерекелік шараларға қатысты іс-шаралар өткізілмейтін болды.

P.S Қақпашы Данило Падилья алған жарақаттары ауыр болып, ауруханада қаза тапты. Өмірмен қоштасар алдында өзінің жарымен сөйлесіп үлгерді. Оның баласы клубтың академиясында айналысады.




Бөлісу: