Сұлулықты кәсіп еткендердің мемлекетке берешегі қандай?
блог
Сұлулыққа деген ұмтылыс адам баласына тән қасиет екені рас. Дял осы дүние бьюти индустрияның қалыптасып, дамуына ықпал етіп, үлкен салаға айналдырды, тіпті кей елдердің экономикасының дамуына септігін тигізді. Ол елдердің қатарында біз де бармыз десек артық емес. Себебі соңғы уақытта сұлулық салоны бизнесі қарқындап тұр. Бұл өте табысты, сұранысқа ие және бәсекелестігі жоғары сала.
Бьюти сферада бес жылдық тәжірибесі бар, топ визажист Медеулова Айдана ханым салон бизнесі жайлы көптеген ақпараттармен бөлісті. «Бұл салада әр қызметтің бағасы әртүрлі, шамамен 5 мыңнан басталып, 50 мыңға дейін барады. Ал процедураларды апта сайын, ай сайын жаңартып отыратын клиенттер өте көп. Әрі тойшыл қауым болғандығымыздан табыстың 50%-ын макияж бен шаш үлгі құрайды. Ал енді қала ортасындағы қымбаттық салондардың табысы бізден 2-3есе артық, сонда қандай табысты сала екенін түсіне берсеңіз болады…»деді Айдана ханым.
Деректер бойынша сән салондары ең аз шоғырланған қалалар: Түркістан, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Семей және Ақтөбе. Бұл қалаларда 1 сұлулық салонына 1 000-нан астам адам келеді. Қалған қалаларда салондар керісінше көп: 1 салонға келетін адамдар саны 1000-ға жетпейді. Оның көшін бастап тұрған Алматы қаласы. Алайда бұған қарамастан, салон жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Кәсіпкердің айтуынша мейрам күндері салонның жұмысы қызып, жақсы табыс әкеледі, алайда табысқа қарай өкіметке салық төленеді, яғни салонның қаншалықты табысы артса, экономиканың да өсіуіне әсер етеді.
Әділет министрлігінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексіне сәйкес сұлулық саласында кәсіпкерлікпен айналысатын тұлға мемлекет бюджетіне салон орналасқан мекеменің кв.м-іне қарай өлшенетін қаржыны төлейді. Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген (ИП) салон клиенттерінен түскен қаржының жылдық есебіне сәйкес салық төлеуге міндеттеледі. Ол салонның көрсететін қызметтері мен міндеттеріне қарай, егер жылына 10млн табатын болса соның 1-2 млннын мемлекет қорына беруі тиіс. Бұл талаптарды барлық салон иелері қаншалықты заңды әрі дұрыс орындап жүр? Ал кәсіпкер Айдана ханымның айтуы бойынша: «Айына Danai сұлулық салонының таза табысы айына есептегенде 500мың тгдей, оны жылына төленетін салыққа шаққанда 50-100мың тг шығады» деп мемлекет қорына салық төлейтінін жеткізді.
Мақаламды Достоевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» деген әлемге әйгілі сөзімен қорытындыласам. Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын әрбір тұлғаны салық төлеуге шақырамын. Заң аясынан аттамай, экономикамызға елеулі үлес қосып жүрейік!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
журналистика факультетінің 3-ші курс
студенті Байназарова Аружан
Жетекші: Н.Б.Рушанова, аға оқытушы