Құрметті достар!
Бүгін назарларыңызға керемет те әсерлі сапарларымның бірі - сұлу қала Сан-Францискоға сапарымнан фотосуреттерімді ұсынамын)))
Ендеше, кеттік...
Қалаға түн жамыла кірдік. Қарсы алдымыздан шыққан мына көрініс, әрине, таңдай қақтырды. Мұны көрген біз алдағы күніміздің қызықты да әсерлі өтетіндігіне сенімді болдық.
Таңертеңгісін ояна салысымен, осы керемет қалада бір ғана күн болатынымызды еске түсіріп, тез аралап шығуға бел будық. Қаланы мына суреттегі туристтерге арналған кішкене трамвайчикпен аралауды жөн деп санадық)))
Жолдары қызық екен))) Өзіңді бір аттракционда отырғандай сезінесің)))
Сан-Франциско қаласы көпірлерімен әйгілі екен. Солардың бірі, ең ескі көпірлердің бірі "Қызыл көпір". Қалаға кіре салысымен ерекше түсімен көздің жауын алып тұрады.
Мына шағалалар тіптен адамнан қорқу дегенді білмейді екен. Суретке түсейін деп жақындасаң, "менде шаруаң болмасын!" дегендей бетіңе жай қарап қоя береді)))
Негізінен, қала Америка мемлекетінің қалаларына мүлдем ұқсамайтын сияқты көрінді маған. Мұны ұқсатып тұратын тек зәулім үйлер ғана. Қалғанының барлығы Еуропа қалаларындағыдай. Көшелелірінің тазалығы, адамдардың мейірімділігі, т.б. атмосферасының өзі сондай тартымды!!!
Ал мынадай фигуралар қалада көптеп кездеседі.
Әрі қарай өзіміздің кішкене трамвайчигімізге отырып, жолымызды қаланың мистикалық орындарының бірі - атақты Алькатрас түрмесіне тарттық.
Алыстан тамашалауға ғана уақытымыз жетті. Себебі, бұрыңғы түрме-қазіргі мұражай қаладан тыс бөлек бір құрлықта орналасқан екен. Гидіміздің айтуы бойынша осы түрмеде әлемге аты әйгілі гангстер Аль-Капоне қамауда болыпты.
Кешке қарай қызыққа толы экскурсиядан шаршаған біз осы Сан-Франциско қаласында тұратын қазақ бауырларымызбен кездестік. Мәшинелеріндегі мына нөмірлерді көргенде бойыңда патриоттық сезім ұялайды екен)))
Олар қайда барғанымызды сұрастырып болғаннан кейін, қаланың ең әдемі жерін көрмепсіңдер ғой деп қоя берді. Шаршағанымызды бірден ұмытып сол жерге барғымыз келді.................................... Өкінбедік!!!!!
Бір күн болсам да, бұл қала менің жүрегімді баурап алды. Қаламен қоштасарымда, қайтып келуге уәде еттім. Күт мені, САН-ФРАНЦИСКО!!!