Сұлу жігітке хат

Сұлу жігітке хат
жеке
блог

Түсін оның сен деп соққан жүрегін,
Аласұрып, таба алмай жүр бір емін.
Бір жүректің иеленген дүрсілін,
Сұлу жігіт, сен не деген ұры едің.
Жеткізе алмас ғашықтығын сөзбенен,
Өзіңменен кездесуді көздеген.
Сұлу жігіт, қарамадың бұрылып,
Қалай сенің жүрегің дым сезбеген.
Сені ойлап, ұйқылы-ояу жатқаны,
Өзің болдың жарық күні, ақ таңы.
Сұлу жігіт, ойын-күлкі жоқ бүгін,
Ұмыт қалған албырт, сұлу шақтары.
Түсінбейді өзін, мүлде өзгерген,
Жұбатсам да жан жібітер сөздермен.
Қыр соңыңнан ұзақ қарап ойлана,
Үміт күткен сәлемдескен кездерден.
Аңсап жүрек махаббаттың әлемін,
Таба алмай жүр сырқатының әлі емін.
Бұлданбашы, сенен сәлем айтайын,
Оған қымбат бәрінен де сәлемің.