Қазақстан суицид саны бойынша әлемдік деңгейде үшінші орында. Ал Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Дүниежүзінде әрбір 40 секунд сайын бір суицид болады.Қазақстанда ше? Бізде сағатына бір адам өз еркімен өмірімен қоштасады екен. 10 қыркүйек- Дүниежүзілік суицид күні. Соңғы 45 жылдасуицид саны 60 пайызға дейін артқан.
Суицидқа не итермелейді? Әрине, суицидтің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Адамдар арасында өз- өзіне қол жұмсаудың жиі кездесетін себептерінің бірі- жеке өміріндегі мәселелер. Қол жұмсауға итермелейтін оқиғалардың қатарына жақын адамының қайтыс болуы, ажырасу, жалғыздық және т.б. Одан бөлек кредит мәселесін де жатқызуға болады. Қазақстанда адамдар әлеуметтік жағдайына байланысты дақол жұмсауға шешім қабылдайтын жағдайлар жиі кездеседі.
Балалар арасындағы суицид те кеңінен таралған.Өз-өзіне қол жұмсайтын жастар орта есеппен 14 пен 17 жас аралығында. Жасөспірімдер арасындабақытсыз махаббаттан суицид орын алады. Олар әртүрлі есірткі ішіп, тамырын кесу арқылыөздеріне қол жұмсайды екен. Өкінішке қарай,дарға асу арқылы да өмірлерін аяқтауға әрекеттенеді. Ал екінші себебі– ата-анасымен немесе құрдастарымен кикілжіңболғанда.
Өз-өзіне қол жұмсау ең көп орын алатын облыстардың тізіміне Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды қаласы кіреді. Психологтардың айтуынша, егер ер адам қол жұмсауға бел буса, онда бұл мәселені түбегейлі аяқтайды. Әйелдер болса, көп жағдайда өз-өзіне қол жұмсамайды. Тек өзіне назар аудару үшін ғана пайдаланадыекен. Бірінші кезекте қол жұмсауға қолайлы жағдай әртүрлі дәрілер. Яғни, қай дәріні ішсем, өмірімді тезірек аяқтаймын деп зерттеудің қажеті жоқ. Себебі, кез келген дәрінің бір уысы өмірмен қоштасуға жеткілікті екені бәріне мәлім.Психоаналитик Анна Құдиярованың пікірінше, бұл әдіс әйелдердің арасында жиі кездеседі екен.
Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық- зомбылықтан 400 әйел көз жұмады. Статистикаға сүйенсек, карантин уақытында бұл жағдай 25 % өскен. Әлемде әр 5 минут сайын бір ана мен бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Ғаламдық проблема десек те болады.
Суицид туралы ойдан қалай арылуға болады? Егер жақыныңыз бұл қадамға баруы мүмкін деп күдіктенсеңіз, бірден сұраған жөн. «Өзіңе қол жұмсауды ойлап жүрсің бе?» деп сұраудан ыңғайсызданбау керек. Көп жағдайда адамдар өздерінің жағдайларымен бөлісуден жалтарады.Сіз оған көмектесе алатыныңызды жеткізсеңіз, мүмкін, ойын өзгертер. Жақыныңызға әрдайым жанынан табылатыныңызды, оған қолдау көрсетуге дайын екеніңізді көрсетуіңіз керек. Ең дұрысы, арнайы психолог маманына жүгінген абзалырақ. Кәсіби түрде көмегін тигізе алады.Сондықтан, сіздің бір сөзіңіз біреудің өмірін өзгертуі мүмкін.