«Адам өміріндегі ең құнды нәрсе не?» деген сұраққа көптеген жандар адамның өмірінен бағалы ештеңе жоқ екендігімен жауап беретіні сөзсіз.
Қазіргі таңда суицид қоғамдағы шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бұл мәселе өте ауқымды және оны зерттеу ең алғаш философия саласында басталды. Француз философы Альберт Кюмо қоғамда тек қана бір проблема бар деп санады және ол адамның өзі өзіне қол жұмсауы екенін айтты. «Өмір оны сүруге тұра ма әлде жоқ па - бұл философияның фундаментальды мәселесі, ал қалғандары — маңыздылығы жағынан екінші орында»,- деді пәлсапашы.
Бүгінде өз өмірін қию — қоғамда сирек кездесетін жағдай емес. Аталмыш жағдаймен қаза тапқандардың саны автокөлік апатымен өлім құшқандардан үш есеге көп. Осы күнге дейін енді өмір сүрудің мәні жоқ деп шешкен адам өз өмірімен қоштаса алатын, оған мемлекет тарапынан рұқсат етілітін мемлекет Жапония болған. Соңғы жаңалықтарға сәйкес эвтаназияны заңдастыру туралы жаңа заң жобасын Голландия үкіметі әзірлеп жатыр. Тіпті ол үшін айықпас дертке шалдығу міндетті емес.
Деректерге сәйкес өзіне өзі қол жұмсаған адамның айналасындағы орташа есеппен 6 адам ауыр жан жарасымен өмір сүруін әрі қарай жалғастырады екен. Шешілмейтін мәселе жоқ, тек сіз әлі шешімін таппаған мәселе ғана болады. Өзіңіздің және өзгелердің көңілдеріне қаяу салмастан бұрын осы туралы тереңірек ойланыңыз.