Сұхбат

Сұхбат
жеке
блог

« Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім » Иә, бұл сөзді айтып қалдырған қазақтың атақты, дарынды суретшісі Әбілхан Қастеев болатын. Суретші болу үшін көп еңбектену қажет. Ол үшін бойда дарын, шабыт болуы керек. Сол суретші мамандығының иесі, Атырау қаласының ең керемет суретшілерінің бірі, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының ұстазы Жантасов Әділқайыр Пангерейұлының мамандығы менің бойымдағы қызығушылықты оятты. Сол себепті де Әділқайыр Пангерейұлымен сұхбат жүргізген болатынмын. 

 -Сәлеметсізбе ағай, сіздің бұл Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында жұмыс істеп келе жатырғандығыңызға қанша жыл болды? Жалпы бұл академияға қалай келдіңіз?

- Жалпы Атырау қаласына келгеніме 30 жыл болды, көркем сурет училищесін бітіріп, одан кейін қазіргі Жүргенев атындағы академияны бітіріп, осы Атырау облысы бойынша тұнғыш суретші мамандығын бітіруші ретінде осы жаққа арнайы жіберіліп, Атырау облысы бойынша Қазақстан суретшілер одағының басшылығында төраға болып жұмыс жасадым. Сол төрағалықта жүргенде осы Нұрғиса Тілендиев атындағы мекеменің 1995 жылы алғашқы сұлбасы жасалды да осы академия ашылды. Осы академиядаға келгеніме биыл міне, 20 жыл болып жатыр, сол төрағалықты тастап әдейі осында ауысып келгеніме. 

- Сіздің мамандығыңыз суретші екен, суретші болуды бала кезден армандап едіңіз бе? 

- Жалпы суретші дегеніміз бұл мамандық емес, бұл ерекше құбылыс. Бұл Алланың берген қызметі.

- Суретші болу үшін ең алдымен қандай қасиеттерге ие болу қажет деп ойлайсыз?

- Тек қана суретші емес жалпы адам баласының барлығында ең бірінші тәрбие болуы керек. Тәрбиемен бірге білім алу керек. Ал суретші болу үшін барлық мамандық сияқты еңбек ете білу керек. Әр уақытыңды үнемді әрі ұқыпты пайдаланып әр ісіңе мұқият көңіл бөлу қажет.

- Сіз осы бүгінге дейін көптеген оқушыларға білім беріп келесіз. Сол оқушылардың жеткен жетістіктері туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

- Негізінде мен қазір бәрін түгендеп айта алмаймын, бірақ ішіндегі бір қыз баланы айтып кетейін, бұл Айгерім Бекқалиева деген оқушым, 2014 жылы Шабыт фестивалінде 1 орынды иеленді және Жүргенев атындағы академияда білім алып қазіргі күнге дейін көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Жалпы барлық оқушыларым да көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Олар менен алған білімдерін шыңдап, тағы да жоғарғы оқу орындарында білім алып өздері жұмыс жасап, барлығы бір – бір маманға айналды.

- Сұхбатыңызға көп рахмет. Уақытыңызды бөліп сұрақтарға жауап бергеніңізге алғысым шексіз!!!

 P.S: Әр мамандықтың өз қызығы мен шыжығы болады. Жалпы суретші мамандығы өте қиын. Себебі бір ақ бетке барлық ойды суреттеп беру оңай дүние емес. Мен осы сұхбат арқылы Әділхайыр ағайдың суретке деген қызуғышылығы және суретші маманы болу қиын ба оңай ма білдім. 

                                                                             Нысанбаева Аружан

                                                                              9 сынып оқушысы