сұхбат

сұхбат
жеке
блог

Ағайынды «Жүгінісовтер»
Қайырлы күн,жігіттер!Рүстем,сұқбатымызды бастамас бұрын,сізді су жаңа бейнебаяныңызбен құттықтаймын!Жалпы,осы бейнебаян кімнің көмегімен түсірілді?
-Қайырлы күн!Рақмет,мен үшін ол өте маңызды еді.Бұл сәтті түсірілген бейнебаянымды көрермендеріміздің сүйікті музыкалық арналарының бірі- «Гәкку» телеарнасының көмегі арықылы тыңдармандарымызға жол тартты.Осы әсем қала Алматыда түсіріліп,жақсы пікірлерге ие болып жатқан жайым бар.
Қазір халық арасында танымал,үлгілі өнерпаздардың бірісіздер.Өнерге деген алғашқы аяқ алыс қай кезден бастау алды?
-Қысқаша айтқанда,біз бала кезімізден өнермен бірге және де өнер үшін өмір сүреміз.
Сүйікті оқырмандарымызбен шығармашылықтарыңыздағы соңғы жаңалықтарыңызбен бөлісе отырсаңыздар...
-Қазір,біз «EMA 2016» байқауының номинанттар қатарына іліккен болатынбыз.Ал,негізінен әр күніміз жаңалыққа,қызыққа толы.Осы мамыр айының басында,табиғаты тамаша Көкшетау қаласына барып,жеке шығармашылық кешімізді беріп қайтқан болатынбыз.Әзірге басты жаңалықтардың бірі осы.
Сіздердің үлкен жеке шығармашылық кештеріңізге қашан жол тартамыз?
-Қызықтың бәрі әлді алда!Әзірге,нақты жауап бере алмаймыз.Дегенмен,еліміздің бас қаласы-Астанада өткізбек ойымыз бар.Оның барлығын болашақта жариялай жатармыз.
Бүгінгі күні,қандай іспен айналысып жүрсіздер?
-Қазіргі таңда,біздің ең маңызды ісіміз ол-ән айту.Әрдайым өз бойымыздағы дарынды дамытып,тек қана дайындық үстінде жүреміз.
Мирас-Рүстем,қазір сіздерге көбісі қызыға қарайтыны рас.Әсіресе,қыздар қауымы.Жеке өмірлеріңізде қандай қуанышты жайттар болып жатыр?
-Шынымызды айтсақ,жеке өмірге қатысты сұраққа жауап бермей-ақ қойғанымыз дұрыс болар.Қысқа әрі,нұсқа қайырғанда,жеке өміріміз өте жеке (күлді).
Өнер жолына келудегі басты мақсат-міндеттеріңіз қандай?
-Әр әртістің басты мақсаты-үлкен,танымал тұлға,яғни әртіс болу.Ұлтымыздың өнерін дәріптеп,өзіміздің және тыңдармандарымыздың өмірін жарық ету.
Балалық шақтарыңыздағы қызықты сәттерінің бірімен бөлісе отырсаңыздар...
Рүстем: Барлығымыздың балалық шақтарымыз асыр салып ойнаумен өтті.Ол кез тек түрлі ойындармен,балалық қияли армандармен өтетін ең сиқырлы кезең ғой! Айтпақшы,артымнан ерген інілерімнің бала кездері әлі өте қойған жоқ.Жалпы,менің балалық шағымның бір бөлшегі киелі сахнада өтті десем де болады.
Алдағы уақытта жанкүйерлеріңізді нендей жаңалықтарыңызбен қуантпақсыздар?
-Жаз мезгілі басталғандықтан,алда көптеген кең ауқымдағы түрлі іс-шаралар өтетіні анық.Ең бастысы,жанкүйерлеріміз біз айтпай-ақ,өміріміздің қызықты да,маңызды сәттерін жақсы біледі.Себебі,олар барлығын байқап,біз үшін қуанып отырады.Осыған орай,жанкүйерлеріміздің барлығына алғысымызды білдіре отыра,біз оларды жақсы көретінімізді айта кеткенді жөн көріп отырмыз.