Өмір мәңгі емес. Қазір жақсы күнде өмір сүріп жатырмыз.Бәрі бар. Бірақ бүгін бар дүние ертең жоқ болып қалуы мүмкін екенін білесіздер ме? Табиғи ресурстар мәңгі емес олар да бір күні таусылады. Егер дәл бүгінгідей қолдана берсек.
Зауыт, фабрикалардан шығарылатын тағамдардың көбісі пайдаланылмай жатып қоқысқа кетеді. Себебі, ашып кетеді не мерзімі өтіп кетеді. Содан кейін амал жоқ тастап жатады. Ал, қазір адамдар затты сатып алғанда оны қолданамын ба, қалай қолданамын деп ойланбайтын сияқты. Алады жесе жеді жемесе тастай салады. Тамақ дайындап ішеді, қалғанын сол жерге қоя салады. жаңа технологияның заманы ғой, тоңазытқышқа салса болады. жоқ тастап кете салды да, ертесіне қарны ашқанда ғана қазанды ашып көреді. Қашан жейді деп күтіп тұрмайды ғой, ол ашып кетеді. Содан соң алды да төге салады. Бір қазан дайындады, бір ішті, он адамға жететін қалғанын төге салды. Ысырапқа көп жол беріп жүрген сияқтымыз. Бір күні сол тамаққа да зәру күн тууы мүмкін немесе сен тастаған тамаққа жете алмай жүрген жандардың бар екенін ұмытып кетпеген жөн.
Қаланың сыртында тау-тау қоқыс, көл-көл кір су бар. Оны қайда жіберерін білмей жатыр. Ол қазіргі кездегі өзекті мәселеге айналып отыр. Ал адамдар оны ойламайды. Патыратып керек, керек емес қоқыс тастай береді. Қазір ауыз су тапшы, дегенмен құбырдан келіп тұрған су ешқашан бітпейтіндей көрініп ағыза береміз. Суды көбісі қосады да өшіруге ерініп, қазір бәрібір келемін қайтадан жууға деп ағызып кете береді. Содан кейін 5-10 минуттан кейін қайта жууға келеді. Сол арада қанша су кір су ретінде ағып кетті екен? ол суды қайта қолдануға келмейді...
Мысалға алсақ бұндай жағдайлар көп-ақ. Бұл дүгінгі күннің жастары жеңіл ойлайтын болып бара жатқанын аңғартады. Әрбір дүние қайта келмейді, оны жасау да оңайға соқпайды.