Осы "субұрқаққа" құлағым үйренбей-ақ қойды. Менімше субұрқақ дегеніміз мыналар:
Көгал суаратын субұрқақ.
Өрт сөндіретін субұрқақ.
Жоғарыдағы екеуі атқаратын қызметіне қарай "субұрқақ" деген фунционалдық атауға ие болып, ал сәулет пен мүсін өнеріне тікелей қатысты, эстетикалық және декоративтік мазмұны басым объектілер "фонтан" күйінде қалу керек сияқты.
Фонтан
Шаптырма мен суқұспақ (ойдан шығарған сөздерім емес). Анайы атаулар, қолдануға келмейді. Бұлар да функционалдығына сай "фонтан" күйі қалады.
Ал су ішуге арналған фонтандарға қазақша атау табылмады. Қызметі жағынан "субұрқаққа" жақын болса да (утилитарлық функция) мұндай фонтандар баяғыда саябақ дизайнының маңызды элементіне айналып кеткен (эстетикалық, декоративтік функция).
Ұсыныстарыңыз бар ма?