“Су қосылған қымыз”.

Нағашы атам бастан кешкен мынадай қызығымен бөлісті.1974 жыл екен.Атам орда бұзар шағында.Әріптестерімен базар маңын жағалап келе жатады.Жол бойы сыра,қымыз сатып тұрған әжелер.Тоқтап,қымыз ішпекші.Қасындағылары:“таза қымыздан ішіп,біраз тынығып алайық,су қосылғаны керек емес”,-дегенде.Менің атам:“таза қымыз маған жақпайды,көтере алмаймын,күштілік қылуы мүмкін”-деп,өз ойын айтады.Сол сөзге құлағы елең ете қалған,алыста тұрған бір әжей:“әй балам,мұнда кел,менде су қосылған қымыз бар”,-деп қымызына су қосқанын ашық білдіріп қойыпты.Атамның бұл ойы:кім сапасыз қымыз сатады,соны білу болған шығар бәлкім.Енді суы бар қымызды кім ішсін?Кімге керек?Жаңағы әжейдің қымызын ішпей тарқасып кетеді.Есесіне көпшілік біліп жүретін болды,сапасыз қымызды кім сататынын.Әй,аңқау әжем-ай қулығыңды аңғалдығыңнан білдіріп қойдың-ау...



Бөлісу: