Су

Су
жеке
блог

Сырдария сүйген суы Рейнесі

Әбділда мен жырлап кеткен Гейнесі

Сұлу қыздай суреттеген сол судың,

Қасиетіне таң қаламын кейде осы.

 

Құрамың аз қасиетің көп сенің

Ғажап бірақ ақ бұлт болып шөккенің

Жерден көкке көтеріліп бу болып,

Боран болып бетімнен кеп өпкенің.

 

Құлап келіп заңғар асу биіктен

Малта тасты жатсың мәңгі сүйіп сен

Тарамыстай жер шарына таралып,

Қара жердің тас бауырын иіткен.

 

Көк аспаннан жаңбыр болып төккенің

Ғажап бірақ ғайып болып кеткенің

Мұнар болып көтеріліп аспанға,

Тұман болып тау басына шөккенің.

 

Менің денем бір тамшы су баяғы

Шыр еткенде шаранаңды шаяды

Ақырғы дем бір атау кере аңсаумен,

Қонар мүрдең құт мекенге саялы.