СТУДЕНТТІҢ ҮЙГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

СТУДЕНТТІҢ ҮЙГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ
жеке
блог

Мерей Қартов:
СТУДЕНТТІҢ ҮЙГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

- Ата, сабақтар қиын,
Мұғалімдер шеттерінен құйын.
Тағы да етектен тартатын,
Одан зорғысы қоғамдық ұйым.

Бітпейтін әйтеуір жиын
Былтырғыдан нашарлау күйім.
Ащы болса да айтайын-
Жақсы екен өзімнің үйім.

(Өстіп атама айтсам,
Жіберетін шығар тиын)

- Апа, сабақтар оңай,
Бес алдым талай.
Пенсияңыз деппін ғой,
Жағдайыңыз қалай?

Барлығы солай-
Көктемге қарай
Келін әкелем.
Шаштары орай-орай.

Апа, шынымды айтам-
Ақша давай-давай.

Бір-екі күн өтті,
Жіберген хатым жетті-
Деп мәз болып отырғанда,
Қайтадан хат болып өзіме кепті.

Абайлап әлгі хатты аштым,
Ақша болар деп қолыммен бастым.
Ақырын қолымды көтерсем,
Астапыралла, састым!

- Е, балам, жазуыңды ұқпадық,
Жаны ашыған болар деп құптадық.
Ауруын жасырған өледі деуші еді,
Ештеңе өзіңнен тықпадық.

- Балам, апаң жүре алмайды,
Атаң күле алмайды.
Әлгі қара басқыр келін мен ұл
Ешқашан тіл алмайды.

Атаңа очки керек,
Апаңа носки керек.
Келін мен жүгірмекке,
Бізден де жақсылау такси керек.

Қаһарлы қыс қысты ма?
Басыңдағы миың пысты ма?
Көп созбақтап қайтем,
Стипендияң түсті ма?

- Деп апам састырды,
Құтымды қаштырды.

Бұл өмір қаталды ма?
Тай беріп ат алды ма?
Неге олар бүйтті десем-
Кризис жаулап апты,
Атам мен апамды да.