Студенттің 3 түрі бар
блог
Студенттің үш түрі бар дейді. Балмұздақтарға құлаққағыс(!)
Біріншісі - "оқы, оқы жəне оқы" деген ұстанымды мықты ұстанатын студенттер. Сабағына тіке барып, тіке қайтатындар. Уақытының 90%-ы сабаққа арналады олардың.
Екіншісі - сабаққа да, басқаға да үлгеретін "белсенділер". Универдің ана шетінен мына шетіне дейін жүгіріп, түрлі шараларға қатысып, көрермен көзайымына айналады.
Үшіншісі - сабағы аса керемет болмаса да қосымша жұмыс істеп, өз нанын өзі тауып жүрген студент.
Бірінші топқа жататындар болашақта (4 жылдан кейін ғой) бар алған білімін практика түрінде қолдана алмайды. Тіпті, не оқып, не қойғанын ұмытып қалуы да мүмкін. Екінші топтағылар сол əдетінше жұмыс орынында да белсенділік танытып, кəсіби маман атанады. Ал үшінші топтағылар өмірге ерте араласқандықтан, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біліп тұрады. Нағыз жетістікке жетушілер осы топтағы студенттер болады, -деп бір бизнесменнен естігенін айтып еді бір құрбым. Сөзінің жаны бар. Кеше ғана ұлттық біріңғай төңкерісті жеңіп шығып, күні ертең "балмұздақ" атанғалы отырған жастарға құлаққағыс болсын деп едім. Қай жолды таңдап, қандай студент болуың тек өзіңе байланысты! Өз басым осы үшеуін де байқап көрдім. Болашағымның қандай боларын уақыт көрсетеді... Ал сіз қандай студентсіз?