Қыран құстың қанатына мініп, көкте қалықтағандай, балалық шақта өмір белесінің бірі, жоғарғы оқу орнына түсу бізідң үлкен арманымыз болды. Сол арманымыз алдымен алланың екінші ата-ананың демеуімен орындалды. Мұнда жүріп өз қатарластарымның көптеген оқиғаларына куә болдым. Солардың ішінде бірінен үзінді келтірер болсам оның жайы мынадай. Менімен қатар өскен бір жігіт бар, оны барлығы Қонжық деп атайды. Оның мәнісі қонжыққа ұқсайды. Онымен қоса тірлігі де қонжықтарша. Сіздерге бір күнін айтар болсам.
Азанда сағат 07:00 де сағат қоңырауы шырылдайды. Жатақханадағы бірге жататын досы тұрып дайындалады. Сағат 08:00 болады, Қонжық болса әлі ұйқыда. Досы оны тағы да оятып сабағына кетеді. Сағат тырсылдап 12-ні соққан кезде зорға көзін уқалап ұйқысынан тұрады. Ол жуынамын деп жүргенде 13:00-де келіп қалады. Балпаңдап университетіне жеткенде соңғы сабақ өтіледі. Артқы партаның біріне жайғасып тағы да ұйқыға басады. Содан қоңырау соғылып, қайта жатақханаға келіп екі арада уақытын өткізеді...
Қатарластары қарбаласта жүргенде қонжық болса ұйқы үстінде.
Сурет мына сайттан алынды:shonbaykuanysh.ru.gg