Студенттік өмірден сыр

Студенттік өмірден сыр
жеке
блог
Досқа хат
(Мұқағалидің ізімен)
Қайсар-ау, 
Хал-жайымды білсең еді, 
Білмеймін қайтерімді… 
Кім сенеді? 
Асқазаным шұрылдап қоя берді,
«Бегемоттан» көргенде күлшелерді. 
Бардым-дағы қалшидым қарсы қарап, 
Қарызға оқталдым боп нан сұрамақ. 
Сұқтанған жат көздерден жасқандым да, 
Тайып тұрдым. 
Қашанғы әл шыдамақ. 
Қарызға сұрамадым,үндемедім 
Ақшам да бола бермес күнде менің.
… Мен деген – ақшасы жоқ студентпін, 
Керегім бола қойсын кімге менің?! 
О, шіркін! 
Сайран күндер. 
Қайран нандар! 
Құшағын дастарқанға жайған нандар.
Қарын ашып келгенде нан бермейтін
Қатыгез адамдарға айналмаңдар.
Сол нандар ғой — қарынның аңсағаны, 
Соны ойлап асқазан тамсанады. 
Қара нан, қара судан қағылмаңдар
Нан бар жерде жүрегім ән салады. 
Нансыз өмір аштыққа айналмай ма, 
Өзегіңе аш пен дерт байланбай ма. 
Нанға арнап айтшы бір повесть жазсын
Қайсар-ау! 
Арман кайда? 
Арман қайда? 
Арманға айт, 
Халықты бір таңдандырсын, 
Арландырсын жүректі, жандандырсын! 
Арттағы інілер де айта жүрер, 
Мәңгілік өлмейтұғын сөз қалдырсын!
Автограф 

Көрер едің, 
Бармын ба, әлде жоқпын ба,
Білер едің,
Ашпын ба, әлде тоқпын ба?
Тамақ жасар комендант та жоқ мұнда,
Тамақ ішер вахтершы да жоқ мұнда, 
Түсінер ең, 
Студенттік өмірде
Не тиерін, не тиемесін көңілге, 
Мен тоқ бала бола алмадым, не шара, 
Сенің өзің Студент боп көрдің бе?! 
Үнім де — осы, 
Күнім де — осы, 
Алдыңда? 
Байқашы сен, 
Жігіт болып қалдым ба? 
-Зекеңдер жоқ, 
Зекеңдердің сарқыты — 
Филфактағы студенттер бар мұнда!