Студенттік өмір
блог
Студенттік өмір" деген сөзді естігенде қазірде үлкен, отбасылы адамдар өмірлеріндегі ең бақытты кездерді есіне түсірсе, әлі де бұндай жасқа жетіп үлгермегендер үшін бұл дегенін бір жағынан қуантатын, ал екінші жағынан көңілге қорқыныш ұялататын беймәлім әлем. Ал мен үшін - дәл қазіргі сәт. Иә, бұрын мен де мектептегі мұғалімдер мен жыл сайын еш өзгеріссіз қайталана беретін пәндерден жалыққандығымнан ба тезірек қалаға кетіп, студент атансам екен деп армандайтынмын. "Өйткені олардың өмірлерінде ешқандай қиыңдықтар болмайды, барлығын: ақшаны да, тамақты да ата-аналары жібереді, сабақтары да қызықтырақ, әрі үй жұмысы деген жоқ" деп ойлайтынмын. Оның үстіне ауылға келген студент қыздардың ұзын-ұзын кірпіктепі мен тырнақтары, сол кездері тек теледидарлардан ғана көретін киімдері, ешкімде жоқ телефондары одан сайын студент атануға құлшынысымды арттыра түсетін. Олар деген актриса не болмаса әнші сияқты ауыл адамдарының ішінде абыройға ие болатын. Біздің "сәлеметсізбемізді" де қабыл алмайтын үлкен тәтелер оларды көрсе "қалайсың, сабағын қалай, бәрі жақсы ма, қала қала қалай?" деп әңгіме-дүкен құрысып, беттерінен сүйіп амандасып жүректері жібіп шыға келетін. Ал қалаға қайтқалы жатса үлкен әжелеріміз құрт-майы, қаймақ, қымызы былай тұрсын пенсиясынан қалған соңғы тиынына дейін сол студенттің сөмкесіне салып беретін. Балалық деген осы шығар, әйтеуір, барлығын тезірек байқап көргіміз, тезірек есейгіміз келіп тұратын.
Ақыры сол күн де туып жетті. Жеке өз басым Студенттік өмірдің бұрын көргенімдей міңсіз еместігін бірінші минуттардан-ақ аңғарған болатынмын. Оны маған сездірген - бұрын мүлдем тілдеспеген, тілдеспек түгілі жүздеспеген, үш қайнасақ та сорпамыз қосылмайтын, таныс та бейтаныс апайыммен бірге бір бөлмелі пәтерді паналауға мәжбүр болғаным. Оның үстіне колледждегі тым қатал, түстері суық, орыс тілді ұстаздардың әрекеттері сабаққа деген құлшынысымды одан сайын құлдыратып жіберді. Ал өзіме мүлдем ұғынықсыз болған рейтинг, сессия, зачет деген дүниелердің не екендіктерін бірінші курс аяқталғанға дейін толық түсіне алмадым.
Алғашқы жылы мен ауылға жиі-жиі келіп, іздерін суытпайтын студент әпшелерімді түсінгендей болдым. Қанша жерден қалада ыңғайлы, әдемі, көңілді болғанымен олардың бірі де туған ауылымның шұрық-тесік жолдарына, таза ауасына, қоңақжай тұрғындарына жетпейді. Тіпті туған жерінді сағынатынын соншалық көршіннің қабаған итіне дейін ыстық болып көрінеді екен.
Екінші жыл квартирадан квартираға көшіп-қонған жыл болды. Бұл кезде бағанағы ауылдағы үйінен сөмке-сөмке жүк әкететін, тіпті туалетная бумагаға дейін тиын кетірмей осыннан салып алатын студенттердің күйлерін сезініп көрдім. Иа, шынымен де пәтер жалдап тұрсан жауапкершілік деген екі еселене түседі екен, өйткені ондағы әрбір зат саған қарап тұрады. Барлығын өзін жасап, өзін сатып алу керексін, ал оған ақша киімін мен жолыннан артылмайды, сондықтан арзан болсын деп қаладан ауылға әкем таситын шай, сабын дегендері мен керісінше қайтадан ауылдан қалаға сүйрейтінмін. Қазір де солай.
Кейде туысқан аға-апайларыма барған кезде шынмен де студенттер тұратын пәтер мен отбасылы адамдар тұратын үйдің арасы жер мен көктей екенін байқап қаламын. Мысалы: отбасылы адамдарың тоңазытқыштарында жейтіні бар, жемейтіні бар барлық заттар үйіліп тұрады. Ондай үйге қашан бармасаныз да дастарxаннан ыстық тамақ міңдетті түрде табылады. Ал студент адамның тоңазытқышы ауылдан сәлемдеме келгенде ғана толып қалатыны болмаса жай шкафтың рөлін сомдап ішінен нан мен ролтонның ғана қаралары көрінеді. (айтпақшы тек екі кісілік үстел сіздің де үйінізде болды ма?) Бір жақсысы мұнда үйге қашан тазалық жасасаныз да, төсегінізді мүлдем жинамай-ақ қойсаныз да өзіңіз білесіз. Алайда төрт мүшесі түгел емес жерден жайлылық пен жылылықты сезу мүмкін емес.
Қазіргі менің студенттік көзіммен бұнын барлығы бір үлкен қиыңшылықтар болып көрінер, алайда біраз жылдар өткен соң осы шақты сағынарымды, "әттең-ай" деп қамығарымды білемін. Әркімнің студенттік өмірі әртүрлі өтеді ғой. Біреуінікі шынымен де ауырлыққа толы болса, енді біреулер ата-аналарының арқасында ондайды сезіне қоймайды. Менің студент атанғаныма 3ші жылға кеткенімен өзімнің ойым бойынша әлі де мен бұл кезеңнің қызықтарын көрмеген, сезінбеген сияқтымын, сондықтан осы оқуым аяқталған соң жаңа студенттік өмірдің есігін қайта ашқым келеді. Иә, ертерек есейіп, жұмыс жасап, ешкімге деген тәуелділіксіз өз күнінді өзін көру де маңызды болар, алайда менің жасымды ескерсек оған әлі ерте тәрізді. Және де 17жасар өзге де студенттердің көбісінде осындай сезім барын білемін.
Ал сіз "студенттік шақ - ең тәтті кезең" дегенде келісесіз бе?