Студенттік өмір

Әрбір адам өз өмірінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Тамаша және біркелкі, өзгертуге келмейтін студенттік өмірдің кезеңі. Жарқын әсерлер, жаңа достар, білімге сусындаған кездерің нағыз студенттің шағын сипаттайды. Білім алу үдерісінің қаншалықты қызықты болуы тек қана өзіңе байланысты болады.

ЖОО таңдар алдында оның студенттік қоғамы мен ұйымдарына көңіл аудар. Біреулер беделді университетте оқуға ынталанса, ал басқалары білім берудің заманауи әдістеріне мән береді, тағы біреулерін оқудан кейінгі жұмыстың межесі ойландырады. Осының бәрі маңызды, бірақ оқудан бөлек студенттің өзін-өзі басқару ұйымдары, КТК (көңілді тапқырлар клубы), пікірсайыс клубтар, конференциялар, спорттық үйірмелер, тренингтер мен шеберлік сыныптар секілді қызықтары көп. ЖОО-дарының оқудан тыс іс-шараларын бағаламау дұрыс емес. Бұл сапалы іс жүзіндегі тәжірибе беріп, баға жетпес қарым-қатынастық қабілеттер мен жеке тұлға ретінде қалыптасуға орасан зор қолдау болары анық.

Халықаралық Бизнес Университетінде қандай қызық студенттік өмірдің бар екені жайлы бірер сөз айтып өтсем.

Пікірсайыстар студенттер арасында өте үлкен беделге ие болып үлгерген десем артық айтқаным емес. Халықаралық Бизнес Университетінде үнемі жеңістің тұғырынан көріне алатын сондай бір топ бар. Бұл оқу да жылы өте қарқынды басталды. Сәуір айының бас кезінде Семей қаласында «Қазақстан-2050 Стратегиясы» аясында ұйымдастырылған пікірсайыста UIB тобы белсенділік танытып, жүлделі бірінші орында иемденді. 19-20 сәуір аралығында Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінде республикалық турнир өтті. Турнирдің басты мақсаты жас саясаткерлерге шешендік өнер саласында қолдау көрсету болып табылады. Турнирдің ұйымдастырушылары ретінде "Аманат " пікірсайыс клубы шықты. Қазақстанның барлық өңірінен жалпы саны 48 фракция қатысты. UIB тобы тағы да топ жарып, жеңіске жетті.

UIB студенттік өмірінің тағы бір бағыты ол КТК студенттер тобы. Халықаралық Бизнес Университетінің белсенді студенттері 2013 жылдың қазан айында "ХБУ қыздар құрамасы" атымен белгілі КТК құрамасын жасақтады. Енді жарыстарға қатысып, көселіп келе жатқан жас КТК тобы өз университетіміздің басшылығымен ұйымдастырылған жарыста өздерін көрнекті көрсете білді. Ол салмақты асулар мен мол тәжірибе берді. Қыздар жоғары белсенділік танытып, бірден көрермен көзайымына айналды.

Соңғы жарты жылда "ХБУ қыздар құрамасы" "Қырғызстанның қысқы біріншілігінде", 30 қарашада Астана қаласында өткен Қазақстанның КТК жоғары лигасында өз мүдделерін нықтап алды. Ол жерде 16 команда қатысып, біздің қыздар ЖҚЛ президентінің кубогын жеңіп алды. 5-6 сәуір арасында Астана қаласында өткен КТК Халықаралық ұйымының Аймақтық Орта Азиялық лигасында ширек финалға дейін жетті. Өте сенімді дайындықпен барған UIB тобы 2014 жылдың мамыр айында өтетін жартылай финалға жолдама алды. 

Оқудан бөлек университет өміріне де ат салысып жүретін студенттерге 2014 жылдың қазан айында ХБУ бас ғимаратында Tempus Studik бағдарламасы төңірегінде Студенттік басқарудың негізі қаланды. Жұмыстың негізгі мүддесі демократиялық өзін-өзі басқаруды енгізу болып табылады. Бүгінгі күнде ұйымда 300-ден астам студент қызмет етеді. Университеттің студенттік басқармасының студенттерге жаңа жобалармен жұмыс істеуге, өз уақытын үнемдеуге, дұрыс шешім қабылдап, оған өз жауакершілігін танытуға үйрететін 4 комитеті бар.

Біріншісі ғылыми комитет, яғни ол студенттерге өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырып, конференцияларға қатысуға үйретеді. Осы сияқты іс-шараларды тек университет ұжымы ғана емес, сонымен қатар, республика және қала әкімшілігі де жасайды. Осы жылдың сәуір айында ХБУ 10 студенті Алматы және Мәскеу қалаларында БҰҰ-ның үлгісінде өз бағдарламаларын ұсынып, тәжірибе жинақтады.

Екіншісі спорт және туризм комитеті, яғни  спорттық жарыстарды, студенттік кештер, концерттік бағдарламалар мен табиғат аясына шығу секілді жобалармен айналысатын ұйым. Университеттің өзінің баскетболдан және футболдан құрама командалары бар. Құрама командалар университетаралық жарыстарда жүлделі орындарды иемденіп жүр.

Үшіншісі Charity комитеті. Оның негізгі мақсаты көмекке зәру адамдарға қол ұшын созу, әлеуметтік жобаларға қатысу және еріктілер жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады.

Сондай-ақ, Университетіміздің студенттері сәуір айының соңына қарай Enactus Kazakhstan студенттік бизнес жобалардың республикалық байқауына қатысып, екінші орынды иеленді.

Студенттік басқармалар, әрине ешқандай ақпараттық қолдаусыз жұмыс істей алмайды. Сондықтан БАҚ комитеті құрылды. Жас тілшілер университет өмірінде орын алып жатқан оқиғалар мен іс-шараларды жіберіп алмай университетіміздің  www.uib.kz сайтына үздіксіз мақалалар және де болгтар мен арнайы интернет парақшалар дайындап отырады.

ХБУ студентінің өмірі жарқын және өте қызық. Ол өз дарындарын танытуға және дамытуға өзіндік үлес қосады.

Сондай-ақ, ХБУ студенттерінің өміріндегі ең маңыздысы ол достық пен студенттік жанұя. Студенттер тек оқып, қоғамдық жұмыстармен айналысып қана қоймай, достығы жарасқан бір жанұядай болып, мейрамдарды қарсы алып, бір-біріне үнемі көмектеседі. ХБУ аясында өткерген студенттік өміріңіз сіздің есіңізде көпке дейін қалатыны анық.



Бөлісу: