Студенттік фестиваль немесе менің алғашқы "қадамым"

Студенттік фестиваль немесе менің алғашқы "қадамым"
жеке
блог

Менің алғашқы қадамым дегенге "мына қыз қашан тәй-тәйлап жүргенін айтпақшы ма?" деп ойлаған боларсыздар?! Жоқ! Мына қыз 9 айдан бері эфирде "өсек" айтса да ешқашан концерт жүргізіп көрмеген... Өткен аптада қатырып фестиваль жүргізді. Масқара. Словами жеткізе алмағанто///

Массагеттіктер хабардар болуы керек.Өткен аптаның жұмасында  Студенттік "Наурыз джем-2013" фестивалі өтті. Мені ұйымдастырушылар таңдағаны да қызық болды. Осы жасыма дейін сахнаның артында "әншілерге айқайлап" үйренген мен, үнемі кеш жүргізуден қашып орныма кастингпен "әдемі қыз" тауып жүретін ем, бұл жолы қулығым іске аспады,себебі "бастық" сказал///

 

Жанымда менімен шымкенттік "қазақша түк түсінбеймін,орысша сөйлеші" деп қинайтын Сергей Майборода жүргізді. Оның тәжірибесі мооол. Менің "тек қазақша сөйлеймін " дегеніме ол асқан қулықпен кірісті. Әуелі сөзге тартып,соңынан тіпті қай әншіні ұнатып -ұнатпайтынымды сұрап алды. Әңгімеміз фестиваль ауанына түк қатыссыз болды. Солай екі шымкенттік тіл табысып кетті. "Шымкенттенмін" дегенім майдай жағып тіпті қуанып кетті Серекең.

  Қиналдым ,қобалжыдым дей алмаймын,мені қолдап  тұрған Сергей мен оның актер бауыры Женя болды. Одан басқа әлгі жерде ешкімді танымаймын да. Алдын ала дайындық болмады, сценарийіміз өзгеріп кетті де,тек импровизация жасауымызға тура келді. Мұнысы маған тек пайдасын тигізбесе кері әсерін бермеді. Кеш қой мейлі өтті әйтеуір. 

"Тойдың болдысынан боладысы қызық" демекші жүрген жерімді қиратпасам жүре алмайтын мына мен тағы да қызыққа баттым.

"Вип" кабинетімнен асып дәретхана іздеп шықтым ғой оо апа десейші ... Кеш басталуға 25 минут қалған. дайындық жоқ дедім емес пе?! По-ходу қатыратын болып келіскенбіз Сергей атаңмен. Кейде ойлап қоям, линзаны атамның басына тағып жүрмін бе өзім отырған кабинеттегі "вип дәретхананы" көрмеген соң деп. "Ақылдысымақ" ааайдаладан іздеп тапты бір дәретхана. Кірді де шыға алмай қалды. Оппааа дедім, "фестиваль енді басталды" деп қоямын. Әлгі есік ашылмайды, маған тез шығу керек. Ұрдым да ,соқтым да,айқайлап та қойдым. Әлде де мені еститін адам табылды ғой,студенттер шулап жүрген жер болатын, келді жігіттер. "Іште кім бар? "дегеніне " мен-жүргізуші,тез ашпасаңдар қазір концерт басталады " дегеніме жігіттерім қатып күлгені...."Прикиньте там ведущая заперлась,а щас вот вот концерт ,,,уахахаха" деп қояды. дәл сол сәт көз алдыма Голливудтық "жолы болмайтын қыз" туралы кино есіме түсіп кетті де ай келіп күлдім. Еще өзімше айтып қоямын, " со мной либо страшно,то ли весело ,главное уже вижу, одни приключения " деп.

  Ақыры бір мезетте шықтым-ау сол бәледен. Мені Сергейім іздеп жүр екен/// Айтсам, "ого с тобой не соскучишься" деп күлгені.  Солай әупіремдеп жүріп кешті де бастап кеттік. 

 Сахнаға шығардан алдын өкшесіз аяқ киімде жүрген болатынмын, микрофонды да сол жүрісіммен өзіме лайықтап қойып ем, кеш басталғанда туфлимен шықсам микрофон төмен...ал саған керек болса...еңкейіп тұрғаным -ай////

Студенттер биледі,ән айтты,қызықтың бәрі сахнаға қарама -қарсы отырған студенттерде болды. мына жақты көрсеңіздеееер,ойбооой,ми ашу,айқай,кім-кімді іздеп жүр не іздеп, не ғып жүр ұқпайсың... Суета.

Кеш аяқталуға шақ қалды,бәріміз сахнадамыз,мен тұра алмаймын. Иттен ғана жаралған-ай" туфли қысып барады аяқты,еңкеюге болмайды алда камера. Түрім жыларман, амал жоқ ыржиыыыып тұрмын. Әділ-қазылар төрағасы Алишер ағам мақтап қойды,"ыыы" деп қоямын оған///// Тезірек кету мына жерден бар ойым, кету болғанда да құрғырдың туфлиін шешу. Сергейдің "бітті кеттік" деген ишарасын ұқтым да сахнадан түспей жатып туфлиді шештім де кабинетке тайдым. 180-мен зытқан шығармын///////// 

Сондай -сондай қызықпен үйге 1,15те келдім.

 

 

 

ПЫ.СЫ: Маған ұнады. Айтқандай Болатбек деген жігіт,/Ботик/ мені түсіріп алыпты...оны көріп рахаттана күлгенім-ай. Әйтпесе ол жігіт кеш басталар алдында пресс-релиз сұрап жүргенді. Инстаграмға "өлтіріп" жіберіпті "Қазына деген осы қыз екен ғой " деп////////

 

ИЯ,ҚАЗЫНА деген осы!!!! уахаха