Студенттер кітап оқиды ма?

Студенттер кітап оқиды ма?
жеке
блог

 

      Әлем студенттерді рухани азыққа аш жүретін, тынбай ізденісте болатын адамдар деп таниды. Дүниежүзі бойынша халықтың 30 пайызы студенттер. Білімге құштар, болашақ маман иелерінің ізденісті тек ғаламтор арқылы жүргізетіні өкінішті. Ғаламторға «уланған» адам кітапханаға бас сұғуды қоятын кейіп көрсетіп отыр.

       Кітап – рухани қазына. Кітап арқылы рухани азық алушылардың саны азаймаса екен деймін. Жоғарғы оқу орнындағы білімгерлердің басым бөлігі, кітапханадан көрі ғаламторға үңілгенді жөн санайды. Бізді мазалайтыны, кітапхана мұражайға айналмаса деген ой. Суденттер кітапханаға тек емтихан уақыты таяғанда ғана барады. Бұл ақиқи аксиома. Білімнің шыңдалуы оқылған кітаптың сапамен байқалатынын айта кеткен жөн. Кітап - өшпес мұра. Сол мұраны бағалау біздің еншімізде