Студенттер айтысына қолдаушыдар жүлдеге "ҮЙ" тігіп отыр...

Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы театрының залында Қараша айының 28-күні қазақ-қытай жастарының қатысуымен ақындар айтысы өтеді.

Айтысқа қытай және қазақ жастары қатысады. Атап айтсақ, өткен көктемде Қазақстанға келіп айтыстан бас жүлде мен 1,3-орындар иеленіп кеткен қытайлық төрт қандасымыз арнайы шақырылды. Олармен қатар Қазақстандық Сырым Әуезхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді Сейілхан, Алтынбек Ибаргимов сында Республикалық және аудандық ақындар айтыстарының жүлдегерлері бақ сынасады. Кештің арнайы қонақтары ретінде Төреғали Төреәлі, Еркін Нұржанов, «Алашұлы» тобы бой көрсетіп,  жыр доданың сәнді өтуіне өз үлестерін қосқалы қамдануда. Өткізілгелі жатқан айтыс жаңа бағдарламалармен, көрермендерге тосын сыйларымен ерекшеленетін болды. Әділ қазылар қатарында Серік Қалиев, Бақыт Жаппаров, Фархат Маратов, Ұлан Еркінбайдай мәдениет пен әдебиет, айтыс саласында өзіндік із салып жүрген ел ағалары болады. Бас жүлдеге Алматы облысы, Райымбек ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен пәтер ұсынылуда.  Бұл айтыскер ақындарға құрмет ретінде, жас буынды қолдап, көтеру мақсатында азаматтарымыздың тағайындаған жүлдесі.

Айта кетерлік жағдай бұл жастар айтысын студенттер ұйымдастырып жүр. Жыл сайын кіші көлемде өткізіліп жүрген айтыс Алматы жұртшылығының алдына шыққалы жатыр.  Айтысымыздың жаңа буынын, жастардың жобасын, ел болашағын  бірге қолдайық!



Бөлісу: