Студенттер арасында шахмат турнирі өтті

Студенттер арасында шахмат турнирі өтті
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының 22 - жылдығына 22 - жоба аясында uеография және табиғатты пайдалану факультеті 22 -29 наурыз аралығында «Шахмат» турнирін ұйымдастарды.

 

Жобаның мақсаты – жастардың интеллектуалдылығын арттырып, ойлау қабілетін жақсартып, шахмат ойынына деген қызығушылықты ояту. Жоспар бойынша ҚазҰУ студенттері аясында ғана емес, Қазақстан бойынша өткізу жоспарланған еді. Нәтижесінде ҚазҰУ студенттерінен басқа, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және де Италиядағы Кассино университетінен де студенттер қатысқан болатын. Қатысушылар құрамы студентпен шектелмей, мектеп оқушылары мен қызметкерлер де бақ сынады. Қазіргі кездегі онлайн жүйеге байланысты ойын «Online Chess» және «Zoom» платформасында өтті. Онлайн форматқа қарамастан турнирге барлығы 64 адам қатысып, ойын 6 күнге созылған болатын. Ойын тартысты өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. «Білім - Инновация» Қорының Вице-президенті Нұрбол Төлебаев 3 жеңімпазға және ұйымдастырушыларға 12 түрлі курсқа жолдама сыйласа, Дана Молдақұлова «Инвестиция» курсы бойынша жолдама 2 орын иегері Төребеков Бекарысқа бұйырды. Ал 1 орын алған Таскараев Асқарға 50 000 теңге ақшалай сыйлық берілді.

 

Турнирдің қорытынды кешінде жеңімпаздарды марапаттаумен қатар, шахмат ойынының тарихы мен қызықты деректері айтылды. Ойын қатысушылары мен көрермендердің көңілінен шыққан бұл турнир ұйымдастырушыларға шабыт берді.

 

Жолниязқызы Ақнұр