Студенттен студентке (кезексөз баяғы)

Кезексөз арасы үзілгеніне 4 күн болды. Бұл 4 күнде 4 адам кезексөз жазуға болатын еді. Сол себепті, мен кезексөзді жалғауға бел будым.

Тіл табысыңыз

Сәлем сөздің атасы демекші, ең алдымен өзіңе дос тауып ал, барлығымен бірдей тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста бол.

Махаббат қарын тойғызбайды

Университет мектеп қабырғасы емес, қыздар да өзгеше. Қыздармен тіл табысу да өзгеше. Танысуда...  қиыыыыыыын... дегенмен, дәл қазір махаббат қарын тойғызбайды деп жүрмін.

Мақсат қойыңыз

Осыларды қатырамын деп жүріп, оқу үлгеріміңіз төмендеп кетпесін. Студент болғаннан кейін оқу керек. Қосымша ағылшын немесе өзге де тіл үйірмесіне жазылып оқып, шығармашылықпен, ғылыми жұмыспен айналысқан жөн. Тек қана оқу, оқу, үй болу орысша айтқанда (учиться учиться и жениться).

Дені саудың жаны сау

Студентпін ақшам аз деп жүрмей, тойып тамақтануға тырысыңыздар. Немесе тойымды тамақтан жеу керек. Қаржы үнемдеймін деп жүріп асқазанды құртып алмайық. Спотрпен де шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанайық...

Шыда достым

Шыда, шыда шыдай түс, шыда тағы,

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

Студент болғандықтан, студенттік қиын қыстау кезеңді бастан  кешеміз. Сол қиындықтын бірі жатақхана мәселесі. Басқа оқу орнын қайдам Сулейман Демирел университетінің жатақханасы қымбаттау болғандықтан(айына – 45 мың), біраз студент бірігіп, пәтер жалдап тұрады. Қанша азық алса да тез бітіп қалады. Кейде үй суық күртеше, бас киім киіп түнеген кездерде болды. Өзім жатақхана да тұрып көрмедім. Дегенмен, осы мәселелерді айтқанда өз өзімді бір түрлі сезіндім.

Енді кезексөзді жаны жібектей нәзік, жүрегі мақтадай жұмсақ, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білетін, болашақта нағыз идеал келін бола алатын биязы һәм сыпайы қыз – Мақпал Тұрлыбекқызына беремін!



Бөлісу: