Студенттен студентке

Студенттен студентке
жеке
блог

          Сәлем массагеттің оқырмандары мен терең ойлы блогерлері! Менің блог жазбағаныма да көп уақыт болған сияқты. Не жазарымды да білмей жүр едім, блог жазуыма бірден бір себепкер болған Мақпал Төребек Тұрлыбекқызына рахметімді айтамын. Кезек сөздің бәрін болмаса да, жартылай оқыдым десем болады. Соның біразында студенттер кеңес пен ақылдар көп айтылған десек те болады. Мен қатырып кеңес айталамайтыным ды біліп, студенттік өмірімді еске алсам деп ойладым.

            Расын айтсам менде студенттік өмірде қызықты оқиғалардан, қайғылы оқиғалар көп болған сияқты. Сондықтан мен үшін студенттік өмір қызықсыз болды. Бұған бірден бір себеп қу дүниенің жетіспеушілігі шығар. Өзім ақылы топта оқитын болғандықтан артық жүріп тұру, өзгелер сияқты қыдыру болмады.Туысқанымның үйінде жатып оқыдым. Ол кісілер күделікті қалтама алпыс теңге салып береді, барып қайтарға жолақы деп. Үйдегілерден сұрайын десең жағдайын біліп тұрып сұрауға ұяласын. Ана байғұс тыққанын береді олда мардымсыз, бір пенсия ғана алады. Үйде шеттей бала шаға болғандықтан ол ақшалары маған жетем дегенше таусылып қалатын. Сонымен әркімге жәутеңдеп жүргенің. Кім ақша беріп қалса сол ең қымбат адам болып есептеледі. Жұмыс істеп ақша табайын десем жасымның бар болғаны он бесте. Ол жаста мені ешқайда жұмысқа алмайды. Амал жоқ үйден көмек күтесің.  Ол кезде ауылда телефон деген не екенін білмейтін уақыт, ата-анама хат жазам ақшам жетпей қалды деп. Ертесіне жетіп таксилер тұратын жерге жетіп барасын, өз-өзіңді жұбатып қайтасын. Мүмкін ұмытып кеткен шығар, келер күні салып жіберер  деймін. Келер күні келгенде ауылдан үміт жоғын білесің. Аштан қалмаудың қамын жасап туған туыстардың үйін аралайсын, осылайша бірінші, екінші курстарым өтті де кетті.

           Қиыншылықта адамды тез қатайтады екен. Өзгеге қол жаймай өз бетіммен жұмыс істеп, оқып жүрдім. Кей күндері жұмысқа қона салатынмын. Жылы төсекке адам сияқты демалмаған соң ба тез жүдеп шыға келдім. Бірде үйде жатып азанда тұрсам керемет жерде жатырмын, астым мамық, жып жылы  құдды жұмақта жатқандай болдым.

            Жұмыс істегеннен болар мүмкін оқуға деген ынтам да түсіп кетті, оның үстіне оқы не оқыма не ақша талап ететін жағдайлар болды. Соған байланысты оқу үлгерімім бірден 3 деген бағаға түсті. Бұрын соңды ондай баға алып көрмегеннен ба өзімнен өзім қатты жиркеніп кеттім. Өзімді ешқашан төмен қатардан көрсетпейтінмін. Кейінірек оған да үйреніп алдым. Айлық, жылдық практикаларға баратын болсақ мен жұмыста жүрем басқалары ақ халаттарын киіп практикада жүреді. Сонда менен сұрайтын балам ау сен сабақ оқымайсынба деп, мен күліп кейін үйленгенде баланың дипломы барма дегенде ұялмай тұрып бар деп айтсаңыз болды дейтінмін.

              Әні-міні дегенше студенттік кезеңнен өте шықтым. Қолымда диплом, енді қайда барамын, мені кім жұмысқа алады деген сұрақ мазалайтын. Аллаға үшкір қазіргі уақытта өз мамандығым бойынша жұмыс істеп жүрмін. Анамның жүзігін қайтаратын уақытта жеткен сияқты. Ол жүзікті емтиханнан өте алмай қалып пара ретінде берім жібергенмін. Кейде осы үшін анамнан кешірім сұрағым келеді. Барі де өтті кетті, студенттік өмірге өкінбеймін. Адамда ерік жігер, ынта болса неде болса жеңіп шығатынына көзім жетеді.