Құрметті дос, құрдас, замандас және көршімнің көршісі! Студент студентке жаны ашуы, қамын ойлауы, кеңес беріп, ақыл айтуы керек деген оймен осы жазбаны саған арнап отырмын. Мұны блог емес, жеке өзіңе арналған хат деп біл. Саған берер кеңесім, айтар ақылым бар. Ол былай: Сен, төрт жыл оқуыңды оқып, немесе оқығандай сыңай танытып университетіңді көк немесе сандықта жатып өзі-ақ көгеретін қызыл дипломыңды аласың. Алған соң жұмыс таппай: «4 жыл оқып алған дипломым құр жатыр, ешқандай көмегі жоқ, қолдана алмаймын, жұмыс жоқ» - деп ешкімге көрсетпей бір жылап аласың. Солай емес пе? Mұндай жағдай көп, білесің. Ал седе мұндай жағдай болмас үшін не істеуің керек? Не істеуге болады? Қолдан не келеді? Айтайын, студенттің қолынан бәрі келеді!
Көп студенттер мынадай қателік жасайды, бірінші курстың соңында, екінші не үшінші курсында официант, бармен, орифлейм, мери кей деген сияқты мамандығына еш қатысы жоқ жұмыстарға кіріп, әке-шешесіне «көмектеседі». Бұл әрине, дұрыс. Ата-анаға көмектесу керек. Өз оқуыңды өзің төлеп жатсаң, нұр үстіне нұр. Бірақ былай айтайын: «Өзіңе көмегі тимеген көмегің бар болсын!» Мәкең ақыл айтамын деп ұрысқаны несі деп сөкпе, айтпасам болмайды.
Сен сондай жерде жұмыс істегеніңше, айына 5 000 теңге ғана беретін болса да, желкеңнен шұқып барып кел, шауып кел қылатын болса да өз мамандығың бойынша жұмыс істе.
Біріншіден, сен ол жерде 3 жыл жұмыс істесең үш жыл бойы жыртық жамауға да келмейтін айлық алып жүре бермейсің, ұжымға үйренесің, айлығыңды көтеріп аласың, сыйлы боласың, желкеңді шұқығанды да қояды.
Екіншіден, теория әрдайым практикамен бірдей бола бермейді. Универде мынаны үйретсе, жұмысыңда ол әдіс немесе іс, құрылғыны ескі деп білуі мүмкін, жаңаны үйренесің. Білмей жатсаң саған маман ретінде емес, енді үйреніп жүрген студент деп қарайды. Соны қолдан. «Студентпін» деп айтудан ұялма.
Үшіншіден, мысалы екінші курстан бастап жұмыс істей бастаған болсаң, диплом алған шағыңда қолыңда дипломнан бөлек «Трудовая книжка» деген кітапша, ал оның ішінде «Опыт работы 3 года» деген жазуы, мөрі болады. Бұл екеуі сенің болашағыңа билет. Әке-шешеңе берген нағыз көмегің!
«Сабаққа үлгере алмаймыз ғой», «Уақыт жетпей қалады ғой», «Расписанием онсыз да тығыз» деген сөздердің барлығы жәй ғана сылтау! Өз-өзіңді алдама, не істесең де «Бұл менің болашағыма деген көпірімді жасауға керек материял» деп біл. Есіңде болсын, СТУДЕНТТІҢ ҚОЛЫНАН БАРЛЫҒЫ КЕЛЕДІ!!!