Студенттік өмір қызығы мен шыжығы мол бақытты дәурен. Сол уақыттарда студент бай да болады, кедей де болады. Бастысы барлық білім іздеуші жастардың дәрежесі бірдей.
Студенттер ата-анасының қасынан жаңа ғана бөлінген жастар легі. Басында ештеңеден қиналмауы мүмкін кейін ата-анасынан ақша сұрағысы келмейді. Алайда қарын аш, ақша жоқ. Жұмыс жасай қоятын қолдарында диплом да жоқ. Не істейді ыңғайлы жұмыс іздестіре бастайды. Студенттер қауымы үшін таптырмас жұмыс мейрамханаларда даяшы болып жұмыс жасау. Ол үшін ақша да, диплом да керек емес, тек ыдыс көтере алсаң болғаны. Басқасын сол жерден үйреніп алады екен.
Мейрамхана, кафелерде жұмыс жасап жүрген жастардың көбісі студенттер. Олар бір күндік ақшасын тауып, өмірін жалғастырып, оқуын аяқтап алуды ойлап жүрген көңілі таза қоғамдық орта.
Бір қарағанда даяшы болып жұмыс істеу оңай сияқты көрінеді екен. Алайда онда жұмыс істеп жатқандардың қандай еңбек терімен бес теңгесін тауып жатыр. Бір жағынан қарасақ ол жаман емес, себебі жастар өмірге үйренеді, үй ішіне кішкене болса да қолғабыс болады.
Даяшының таңы ақ жейде, қара шалбар, алдына фартук байлаудан басталады. Азаннан қара кешке дейін зырылдап жүргендері. Тапсырыс қабылдайлы, мейрамхана ішін тазалайды, ыдыс-аяқтарды жинап, дастархан жаяды. Алдын ала бәрін дайындап жүреді. Керек кезде сәбіз, картоп ашыса, кейде ыдыс жуып та кетеді. Тіпті салат дайындау кешігіп бара жатса даяшыларды салатқа көмекті етіп те жібереді екен. Бір жұмыс жасауға барған студент бірнеше адамның жұмысын жасап шығады. Жұмыс жасап келсе де, ертеңгі күнгі үй тапсырмасын орындамай төсегіне құламайды. Ертең жұрттан қалмай сабақ айтып, балл жинауы керек, себебі ол – даяшы студентке
Бір әділетсізі бастықтардың жасауы керек, не арнайы мамандар шақырып жасатуы керек безендіру жұмыстарын фантазисы бар деген даяшыға жасатын қояды. Одан мейремхана даяшының алатын бір күндік ақысынан 10 есе көп табыс тауып ақшаға батып жатса, студент даяшы бар жұмысты атқарып, азын- аулақ ақшаны місе тұтатын төзімді халық екен.